ОБЩИЕ ВОПРОСЫ
Мақалада топырақ-географиялық, агроклиматтық және геоботаникалық мәліметтер бои ынша ауқымды қор материалы негізінде әзірленген Әзірбаи жан Республикасының Қарабақ жер қорын табиғи-ауыл шаруашылықтық аудандастыру қағидаттары келтірілген. Қарабақ жер қорын агроөнеркәсіптік аудандастыруда биоклиматтық және геоморфологиялық жағдаи лар, аи мақтық топырақ типтерінің ерекшеліктері, сондаи -ақ адамның шаруашылық қызметі (игерудің сипаты мен ұзақтығы, агроирригациялық аккумуляцияның болуы, мәдениелендірілу дәрежесі, суару, мелиорациялануы және т. б.) негізге алынды. Қарабақ жер қорын агроөнеркәсіптік аудандастыру таксономиялық бөлудің келесі схемасы негізінде жүргізілді: ландшафттық-табиғи аи мақ, агроөнеркәсіптік аудан және топырақ шағын ауданы. Таксономиялық бөліктерді анықтау кезінде негізінен Әзірбаи жанның қабылданған топырақ-географиялық аудандастыру принциптері ұстанды.
Топырақ-экологиялық зерттеулер Алматы облысының Балқаш ауданында Іле өзенінің сол жағалауында жүргізілді, онда тораңғы терегінің бірегеи Қызыл кітапқа енген ағаштары - Populus pruinosa Schrenk өседі. Ежелгі заманнан бері тораңғы терегі қасиетті, берік ағаш болып саналады, биіктігі 15-20 метрге жетеді, ол екпелерді топырақтың кебуінен және батпақтануынан қорғайды және қатты желден құмдардың қозғалысын тоқтатады, оның тамырлары терең еніп, беткі ылғалды, сонымен қатар жер асты суларын сақтаи ды. Ағаштар өте маңызды. Құлаған, кеи бір жерлерде кесілген, сынған, тамырымен жұлынған, ауру, паразиттер әсер еткен ағаштар көп. Зерттеу нысаны антропогендік деградацияға, жаи ылымдық дигрессияға және шөлеи ттенуге ұшыраған. Топырақ жамылғысы тау бөктеріндегі шөлді-дала аи мағында паи да болған қарапаи ым боз топырақтардан тұрады. Тасты-құмтасты орташа құмбалшықты, құмды және құмаи тты кәдімгі боз топырақтар жаи ылмалық, тақыр тәрізді, құмды және сортаң топырақтармен кешендер түзеді. Осы аумақта Іле бөріқарақатының - Berberis iliensis Popov топырақ экологиялық жағдаи ы зерттелді. Бөрі қарақаттың жағдаи ы қанағаттандырарлық, кеи жерлерде кеуіп кеткен, сиреген бұталар кездеседі. Аумақта мал қарқынды жаи ылады, оның өзі топырақтың тығыздалуына және су-физикалық қасиетінің төмендеуіне әкеледі.
Топырақ құнарлылығы
Мақалада Жамбыл ауылының шөл аймағы жаи ылымдарының аллювиалды-шалғынды топырақтарының кескін құрылысы, химиялық құрамы мен физикалық қасиеттерінің ерекшеліктері қарастырылған. Бұл топырақтар Шу өзенінің құмайтты және құмды аллювиалды шөгінділерінде қалыптасқан. Өзен жаи ылмасының топырақтары негізінен жоғары потенциалды құнарлылығымен ерекшеленеді. Бірақ олардың потенциалды құнарлылығының өсуін шектеи тін факторлардың бірі топырақ кескінінің тұздылығы мен жаи ылымның деградация дәрежелері болып табылады. Жамбыл базалық учаскесіндегі жайылымдардың деградациясының топырақ және өсімдік индикаторларына баға берілді. Жергілікті жер ертеде суғарылып тыңаи тылған, ал қазір жайылым ретінде паи даланылады. Бірақ малдың шамадан тыс жаи ылуына баи ланысты Жамбыл ауылы маңындағы шөлдің аллювиалды-шалғынды топырақтары мен олардың бетіндегі өсімдіктер жамылғысы антропогендік деградацияға ұшыраған. Зерттеулер жайылымдық жерлердің деградациясы артқан саи ын гумус қабатының қалыңдығы (А+В1) жұқаратындығын, топырақтың гумус пен қоректік заттар мөлшерінің азаятындығын көрсетті. Өсімдіктердің түрлік және ботаникалық құрамы өзгеріске ұшырап, олардың топырақ бетін қалқалауы және жаи ылымдық жемшөптің өнімділігі төмендеи ді. Алынған нәтижелер шөл аймағындағы деградацияланған жайылымдарда топырақ құнарлылығын және табиғи өсімдіктердің өнімділігін арттыру шараларын әзірлеудің теориялық негіздері болып табылады.
АГРОХИМИЯ
Қазақстандағы мақта стратегиялық маңызды дақылдардың бірі болып табылады және республиканың қиыр оңтүстігінде - Түркістан облысында өсіріледі. Климаттың құрғақтығы, суармалы судың тапшылығы және мақта егістіктерінің тұздану қаупінің күшеюі, бір жағынан, твңаи тқыштардың жеткіліксіздігі мен негізсіз пайдаланылуы, екінші жағынан, мақта өсірудегі негізгі шектеуші факторлар болып табылады. Түркістан облысы, ауданы, Атакент ауылы, «Сабыр» шаруа қожалығының өнеркәсіптік плантацияларында 2022 жылы тұздануы әлсіз және орташа сұр топырақтарда егістік тәжірибелері жүргізілді. Топырақтың екі тұздану фонында (әлсіз және орташа) тәжірибелерде азот, фосфор және калии дің мөлшері мен қатынасы әртүрлі тыңаи тқыштардың 9 бірдеи нұсқасы зерттелді. Мақтаның бүршіктену, гүлдену және жеміс түзу кезеңдерінде топырақтың екі тұздану фонында тыңаи тқыштарға баи ланысты фотосинтетикалық және өнімділік көрсеткіштерін зерттеу үшін биометриялық зерттеулер мен өсімдік үлгілерін іріктеу жүргізілді. Мақта дамуының әртүрлі фазаларында жапырақтың түзілуіне тыңаи тқыштар мен топырақтағы тұздар мөлшерінің әсері мен өзара әрекеттесуі регрессия теңдеулері арқылы жеткілікті дәл сипатталған (R2 = 0,957-0,972). Бұл ретте азотты және калии лі тыңаи тқыштардың әсер етуінің әсері теріс, ал фосфорлы тыңаи тқыштардың әсері оң болды. Вегетациялық кезеңде азот пен калии ден басқа барлық зерттелген факторлардың қосарланған комбинациясы мақта биомассасының жинақталу динамикасына кері әсерін тигізді. Мақтаның жалпы өнімі 86 % азот, фосфор және калии тыңаи тқыштарының кешенді жиынтық әсерімен және топырақтың тұздану дәрежесімен анықталады. Сонымен қатар мақта шығымдылығына азот пен калии тыңаи тқыштары мен топырақ тұздылығының біржақты әсері теріс, ал фосфор тыңаи тқышының әсері оң болды. Калии дің қоректенуі мен талшық сапасының көрсеткіштері (r = 0,38-0,62) арасында аи тарлықтаи жоғары корреляция байқалды. Талшық сапасының көрсеткіштерінің өзгеруі негізінен топырақтың үстіңгі қабатындағы тұздар мөлшерімен аи тарлықтаи күшті байланыста болды (r = 0,51-0,61).
Мақалада ашық-қара қоңыр топырақта дара дақыл егістігі мен ауыспалы егістік жағдаи ында өсірілген қант қызылшасының өнімділігі мен топырақтағы фосфордың минералдық және органикалық қосылыстарының фосфоры арасындағы коррелятивтік байланыстар және олардың шамаларының өзгеруі бои ынша мәліметтер келтірілген. Қолданылған тыңаи тқыштар дара дақыл егістігі топырағындағы минералдық фосфаттардың мөлшерін 691,1-791,2 мг/кг, органикалық фосфаттардың мөлшерін 293,2-372,0 мг/кг аралығында жоғарылатса, ал ауыспалы егістік жағдаи ында олардың мөлшері сәи кесінше: 567,4-775,9 мг/кг және 332,5-395,8 мг/кг аралығында өзгереді. Дара дақыл егістігі мен ауыспалы егістік жағдаи ында өсірілген қант қызылшасының өнімділігі мен топырақтағы жылжымалы фосфор және «белсенді» кальций фосфаттарының (Са-РІ + Са-РІІ ) арасындағы коррелятивтік байланыстардың өте тығыз, әрі жоғары болатындығын көрсетті және олардың шамалары сәйкесінше: R=0,97-0,99 және R = 0,98 құрады. Органикалық қосылыстардың фосфоры (ЛОЗ, фульво және гумин қышқылдары) мен қант қызылша өнімділігінің арасындағы коррелятивтік байланыстардың шамалары біршама төмен болды. Дара егістік жағдайында ең жоғарғы R = 0,81 коррелятивтік байланыс лобильді органикалық заттардың фосфоры мен қант қызылша өнімділігі арасында анықталса, ал ауыспалы егістікте фульво қышқылдардың фосфоры мен қант қызылшасы өнімділігі арасында (R = 0,76) болды.
Мақалада алма ағаштары егілген Әзірбаи жанның құрғақ субтропиктері суармалы топырақтарынан азот, фосфор және гумустың шайылуына рельефтің еңістігі tg = 0,021 кезінде суару атызының ұзындығына (96, 144 және 192 метр) байланысты су шығынының әсерін зерттеу нәтижелері келтірілген. Қоректік элеметтердің шаи ылуы жағдайында минералды және органикалық тыңаи тқыштардың алма ағашының өнімділігіне әсері де зерттелді. Атыз 96 метр және су шығыны 0,2 л/сек болғанда, топырақпен шаи ылатын биогендік элементтердің (N, P) және жалпы гумустың мөлшері, азот пен фосфор бойынша - 0,01 %, жалпы гумус бои ынша - 0,02 % құраи тыны анықталды. Су шығынының 0,2 л/сектан 0,4 л/с деи ін артуы топырақтан гумустың, азоттың және фосфордың шаи ылуына кері әсер етті. Суды шығыны 0,4 л/сек кезінде, бұл көрсеткіштер гумус, азот және фосфор бойынша 0,01 % - ға аи тарлықтай өсті. Суару атызының ұзындығы бойынша су шығынының екі нормасында да топырақтан қоректік заттар мен гумустың шаи ылуы арта түсті. Атыздың ұзындығы 192 метрге дейін артқан кезде су шығыны 0,4 л/сек болғанда, 96 метрлік атызбен салыстырғанда гумустың - 0,22 %, азоттың - 0,07 % және фосфордың 0,04 % шаи ылуы көп болатыны анықталды. Органоминералды тыңаи тқыштар жүи есін қолдану (Фон+ N120P120K90) алма ағашының өнімділігіне оң әсер етті. Сонымен, 94 метрлік атызда тыңаи тқыш берілмеген нұсқада, атызды 192 м-ге деи ін ұзартқан кезде, алма ағашының өнімділігі 274,2 ц/га болды, шаи ылатын қоректік элементтер мен гумустың (268,5 ц/га) мөлшерінің жоғары болуына баи ланысты өнімділік біртіндеп төмендеді. N120P120K90 + 10 т/га көңді қолданған кезде 96 м атызда және 0,2 л/сек су шығыны кезінде өнімділік 278,4 ц/га болғаны анықталды. Атызды 192 м-ге деи ін ұзартқанда, тыңайтқыш пен су шығыны сол мөлшерде болғанда, өнімділік 278,2 ц/га деи ін төмендеді, яғни атызды ұзарту tg = 0,021 еңістікте тиімсіз болды. Үлкен еңістікте, атыз неғұрлым қысқа болса, қоректік заттар соғұрлым аз шайылатыны анықталды.
Молодые ученые
Бұл жұмыста Оңтүстік-Шығыс Қазақстанның тау етегі аи мағында өсірілетін Тянь-Шань, Гала, Аладин және Инноватор сорттарының картоп түйнектерінің сапасына тыңаи тқыштардың әсерін зерттеу мақсатында жүргізілген далалық тәжірибелердің нәтижелері берілген.
Зерттеудің жаңалығы Қазақстанда алғаш рет еліміздің оңтүстік-шығысындағы тау бөктерінде өсірілген төрт сорттың картоп түи нектерінің сапасынатыңай тқыштардың әсері зерттелуінде.
Алынған нәтижелерді осы аи мақта картопқа тыңаи тқыштарды қолдану бои ынша ұсыныстарды әзірлеуге паи далануға болады. Айта кету керек, зерттеу нәтижелері Қазақстанның басқа аи мақтарында және басқа елдерде жүргізілген ұқсас зерттеулердің нәтижелерімен сәйкес келеді. Тыңаи тқыштарды қолдану картоп түи нектеріндегі құрғақ заттың, крахмалдың және жалпы қанттың жоғарылауына ықпал ететіні анықталды. Минералды тыңаи тқыштардың жоғарылатылған дозаларын қолданғанда немесе минералды және органикалық тыңайтқыштарды біріктіріп қолданғанда түйнектердің ең үлкен крахмалдығы баи қалды. Тянь-Шань, Гала және Алладин сорттарының картоп түи нектеріндегі нитраттардың мөлшері шекті рұқсат етілген концентрациядан (ШРК – 250 мг/кг) аспады. «Инноватор» сортының түйнектерінде нитраттардың мөлшері тіпті бақылауда да шекті рұқсат етілген концентрациядан төмен болды. Тыңаи тқыштар картоп дақылдарының сапасын жақсартудың тиімді әдісі болып табылады.
Қазақстанның оңтүстік - шығысындағы тау бөктеріндегі аи мақ жағдайында отандық және шетелдік өндірістегі биоорганикалық тыңаи тқыштардың 7 түрі – биогумус (биошірінді), көң, Baraebong Organic Fertilizer, MEGAVit, Terra Sorb Foliar, Блек Джек және сұйық гуминді тыңайтқыштар, қызанақтың келесі сорттарында: стандартты Огонек-777 (Қазақстан), Барин сорты (Ресеи ), Шурук (Нидерланды) және Фалькон (Түркия) гибридтеріндетиімділігі бойынша зерттелді. Зерттеу «Қазақ жеміс және көкөніс шаруашылығы ғылыми - зерттеу институты» ЖШС «Қайнар» өңірлік филиалының ғылыми – зерттеу станциясында келесі қабылданған әдістер бои ынша жүргізілді: көкөніс және бақша дақылдарын өсірудегі тәжірибелік әдістер, агрохимиялық зерттеу әдістері, көкөністерді өсірудегі егістік тәжірибе әдістері, «Беларусь Республикасында дәстүрлі шаруашылықтан биоорганикалық шаруашылыққа көшу» әдістемелік ұсыныстары. Зерттелген тыңаи тқыштардың қызанақтың шетелдік сорттары мен гибридтеріне жоғары тиімділігі анықталды. Биоорганикалық тыңайтқыштардың әр түрлерінің әсерінен «Барин» сортының өнімділігі 35,43-61,40 %-ға, Шурук гибридінің өнімділігі - 31,09-62,18 %-ға, Falkon гибридінің өнімділігі - 39,54-67,65 %-ға өсті. Қызанақ жемістерінің ең жоғары өнімділігі биогумус (10 т/га), көң (40 т/га) және Baraebong Organic Fertilizer (10 т/га) қолдануда алынды. ШРК 150 мг/кгболғанда, Огонек-777 сортының қызанақ жемістеріндегі нитрат мөлшері 35-107 мг/кг, Барин сортында - 42-116 мг/кг, Шурук гибридінде - 56-134 мг/кг, Falkon гибридінде - 37-128 мг/кгболды. Минералды тыңайтқыштарды бөлек және биотыңайтқыштармен бірге қолдана отырып өсірген өнімдерде нитраттардың жоғары деңгей і (бақылаудан 2,5-3,5 есе жоғары) байқалды. Биогумус, көң және Baraebong Organic Fertilizer нұсқаларында қызанақ өнімдерінде нитрат мөлшері бақылаумен салыстырғанда 1,5-2 есе өсті, бірақ ол рұқсат етілген ең жоғары концентрациядан (150 мг/кг) айтарлықтаи төмен болды, бұл өнімдерді экологиялық тазадеп қарастыруға мүмкіндік берді. Іріктелген биоорганикалық тыңайтқыштарды экологиялық таза қызанақ өнімдерінен жоғары өнім алу үшін қызанақ өсіру кезінде қолдануға ұсынылады.
ISSN 2959-3433 (Online)