Preview

Топырақтану және агрохимия

Кеңейтілген іздеу

Сулейменов Бейбут Уалиханович

Ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы (2009), доцент (2003), ҚР Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының академигі (2018). Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген, ғалым агроном (1983). Қазақ егіншілік институты жанындағы аспирантураның күндізгі бөлімін "Агрохимия" мамандығы бойынша бітірген (1988). "Агрохимия" мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады (1992). "Топырақтану және агрохимия" мамандығы бойынша докторлық диссертация (2009) қорғады.

1989-1992 жылдары Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтының агрохимия бөлімінде аға лаборант, кіші ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді.

1993 жылдың мамыр айынан бастап Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істейді. Біліктіліктің барлық сатыларынан өтті: алдымен ғылыми қызметкер, содан кейін аға ғылыми қызметкер, жетекші ғылыми қызметкер, агрохимия бөлімінің меңгерушісі, бас ғылыми қызметкер, бас директордың ғылым жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.

2020-2021 жылдары «Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты» ЖШС Басқарма Төрағасы.

2021 жылдың қазан айынан бастап агрохимия бөлімінің бас ғылыми қызметкері.

ҚР АШМ бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру шеңберінде ғылыми-зерттеу бағдарламалары мен жобаларын іске асыруға қатысты: «Қазақстан Республикасында топырақ ресурстарын басқару тиімділігін арттыру»; «Ауыл шаруашылығы қызметі үрдісінде табиғи ресурстарды сақтауды және қайта қалпына келтіруді қамтамасыз ету», «Қазақстанның топырақ құнарлылығын сақтау және қалпына келтіру»; «Топырақ құнарлылығы және ауыл шаруашылығы дақылдары өнімділігін арттырудың инновациялық технологиясын енгізу (биоорганикалық тыңайтқыштар)»

Сулейменов Б.У. білікті мамандарды даярлауға қатысады. 2011 жылдан бастап Қазақ ұлттық аграрлық университетінің «Агрохимия және топырақтану» кафедрасында қауымдастырылған профессор қызметін қоса атқарады. Топырақтану және агрохимия мамандығы бойынша 1 PhD доктор және 10 магистр дайындады.

2009-2010 жылдары Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің мүшесі болды.

2015-2016 жылдары К.И. Скрябин атындағы Қырғыз ұлттық аграрлық университеті жанындағы кандидаттық және докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі ведомствоаралық диссертациялық кеңестің мүшесі болды.

2015-2018 жылдары Қазақ ұлттық аграрлық университеті жанындағы докторлық (PhD) диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің мүшесі болды.

Ғылыми зерттеулердің негізгі нәтижелері республикалық және шетелдік басылымдарда 173 ғылыми еңбекте жарияланды, оның ішінде: «Оңтүстік Қазақстанның суармалы сұр топырақтарының құнарлылығын арттыру» монография (2000), 4 өндіріске  ұсыныс, 1 инновациялық патент.

Негізгі жарияланымдар:

Повышение плодородия орошаемых сероземов Южного Казахстана. Монография. ISBN 9965-01-483-3. Алматы: Санат, 2000.-194 с.

A.Saparov, R.Eleshev, B.Suleimenov, G.Peskovki, A.Scherbakov. Effect of Potassium Chloride Application for Rice, Cotton and Potato in the Irrigated Zone of Kazakhstan // Better Crops, 2013, 97(4). –Р.23-25.

T.Jalankuzov, B.Suleimenov, P.Bauer, W.Busscher, K.Stone. Irrigated Cotton Grown on Sierozem Soils in South Kazakhstan // Communications in Soil Science and Plant Analysis, 2013, 44(22). – P.3391-3399.

А.Сапаров, Б.Сулейменов Состояние и перспективы исследований в длительных опытах с удобрениями в Казахстане // Плодородие (Москва), 2014, №5. С.9-11.

S.I.Tanirbergenov, B.U.Suleimenov, A.S.Saparov, A.M.Soltanayeva, B.Zh. Kabylbekova. The fertilizer system increasing the salt tolerance and productivity of cotton in the conditions of saline soils in Southern Kazakhstan // Research Journal of Pharmaceutical, Biological and Chemical Sciences. -2016, 7(6). -P.147-155.

А.Сапаров, Р.Елешев, Б.Сулейменов. Современные проблемы почвенно-агрохимической науки Казахстана и пути их решения // Известия НАН РК. 2016, №1. С.91-101.

A. Soltanaeva, B. Suleimenov, G. Saparov; T. Vassilina. Effect of sulfur-containing fertilizers on the chemical properties of soil and winter wheat yield // Bulgarian Journal of Agricultural Science.№ 4 (24), 2018 р.586-591

Сапаров А., Сулейменов Б., Танирбергенов С. Эффективные способы применения препарата адаптогена в условиях вторично-засоленных ландшафтов Южного Казахстана // Монография в 5 томах. Новые методы и результаты исследований ландшафтов в Европе, Центральной Азии и Сибири. Том IV Оптимизациясельскохозяйственныхландшафтов. Москва, 2018. С. 207-210

B. Suleimenov, A. Saparov, V. Kan, L. Kolesnikova, A. Seitmenbetova, K. KarabayevThe Effect of Bioorganic Liquid Fertilizer «BioEcoGum» on the Productivity of Grain Maize in the Conditions of Southeast Kazakhstan // Eurasian Journal of Biosciences, ISSN 1307 9867. Scopus, IF 0,52, процентиль 39, 2019, том 13, вып. 2, С. 1639-1644