ОБЩИЕ ВОПРОСЫ
Қазақстанда цифрлық технологиялар негізінде жайылымдардың сортаң жерлерін басқару мен мониторингтеудің ғылыми-әдістемелік және практикалық тәсілдері қалып-тасу сатысында және одан әрі дамытуды талап етеді. Авторлар Қазақстанның ауыл шаруашылығы жерлерін цифрландыру және ақпараттық деректер базасын құру үшін жайылымдардағы сортаң жерлерді жерүсті зерттеу деректерін әзірледі және пайдаланды. Республиканың 12 әкімшілік облысының аумағын қамтитын маршруттар бойынша дала жұмыстары арқылы жайылымдардағы сортаң жерлердің қазіргі жағдайы зерттелді. Шөлді, тау бөктеріндегі жартылай шөлді (тік), жартылай шөлді (ендік) және құрғақ дала аймақ-тарының сортаң жайылымдарының Дерекқоры жасалды, оған мынадай көрсеткіштер кіреді: топырақтың түрі мен кіші түрі, профиль морфологиясы, гумустың және қоректік заттардың, суда еритін тұздардың құрамы, гранулометриялық құрамы, сіңірілген негіздері және катион алмасу сыйымдылығы.
Топырақ құнарлылығы
Зерттеудің мақсаты Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы тәлімі астық ауыспалы егісі жағдайында ашық қара-қоңыр топырақтағы гумус мөлшері мен оның топтық құрамына көңнің, сабанның және минералдық тыңайтқыштардың әсерін бағалау болды. Органикалық тыңайтқыштардың топырақтың гумустық күйіне минералдық тыңайтқыш жүйесіне қарағанда анағұрлым айқын оң әсер ететіні анықталды. Ең жоғары әсер күздік бидайға көң енгізгенде байқалды (1,67–1,70%-дан 1,74%-ға дейін). Сабанды топыраққа сіңіру гумус мөлшеріне неғұрлым бәсең және барлық жағдайда бірдей статистикалық тұрғыдан дәлелденбеген әсер көрсетті (1,68%-дан 1,70%-ға дейін). Бақылаумен салыстырғанда минералдық тыңайтқыштарды қолдану бұл көрсеткіште айтарлықтай өзгеріс туғызған жоқ. Тыңайтқыштардың гумустың топтық құрамына әсері оның жалпы мөлшеріне әсерімен салыстырғанда әлсіздеу болды. Ең айқын өзгерістер көң енгізген нұсқада байқалды, мұнда Сгк/Сфк қатынасы бақылаудағы 0,74-пен салыстырғанда 0,72-ге дейін төмендеді. Тәлімі егіншілік жағдайында көңнің топырақтың гумустық жай-күйін сақтаудың ең тиімді факторы болып табылатыны, ал тыңайтқыштарды қолданудың бастапқы кезеңінде анықталған өзгерістер органикалық материалдарды ұзақ мерзімді қолдану жағдайында органикалық заттардың кейінгі трансформациясының бағытын сипаттайтын индикаторлар ретінде қарастырылуы мүмкін екені көрсетілді.
ЭКОЛОГИЯ ПОЧВ
Топырақтың ауыр металдармен техногендік ластануы Шығыс Қазақстан облысының индустриялық өңірлеріндегі экологиялық қауіптің негізгі факторларының бірі болып табылады. Жұмыста потенциалды уытты элементтердің жалпы және жылжымалы түрлері талдау жүргізіле отырып, тау-кен металлургиялық кәсіпорындарының әсер ету аймақ-тарындағы топырақдардың агроэкологиялық жағдайына кешенді бағалау ұсынылған. Зерттеу ірі өнеркәсіптік нысандарға жақын орналасқан 28 121 гектар аумақты қамтыды. Топырақтың агрохимиялық және физика-химиялық қасиеттері, сондай-ақ Pb, Zn, Cu және Cd мөлшері анықталды. Ластанудың интегралдық көрсеткіштері мен экологиялық қауіп деңгейі есептеліп, аумақты кеңістіктік аймақтарға бөлу жүргізілді. Зерттеу нәтижесінде ауыр металдардың ең жоғары жинақталуы топырақтың беткі қабаттарында және өнеркәсіптік шығарындылар әсер ететін аймақтарда байқалатыны анықталды. Cd ең қауіпті элемент болып табылды. Алынған нәтижелер экологиялық аудандастыруды жүргізу және мониторинг пен ремедиация жүйелерін әзірлеу үшін негіз болып табылады.
Шығыс Қазақстан облысындағы ауылшаруашылық алқаптары айтарлықтай аумақты алып жатыр, сонымен бірге жайылымдық және егістік жерлердің үлкен бөлігі қолданыстағы өнеркәсіптік кәсіпорындарға жақын орналасқан. Осыған қарамастан, Николаев тау-кен байыту комбинатының әсер ету аймағы үшін бұрын қашықтықтан зондтау, жердегі топырақ мониторингі және флораны зерттеуді біріктіретін кешенді интеграцияланған бағалау жүргізілмеген. Бұл зерттеу Google Earth Engine жүйесінде өңделген жалпыға қолжетімді спутниктік деректерді пайдалана отырып, 17 учаскедегі топырақ үлгілерін және өсімдіктерді зерттеу арқылы 40 жылдық (1985-2024) жер жамылғысын талдау арқылы бұл олқылықты толтыруға бағытталған. Топырақ талдаулары ауыр металдардың концентрациясының жоғарылауымен қатар рН деңгейінің күрт төмендеуін, яғни ауыр металдардың өсімдіктерге сіңуі үшін айтарлықтай қозғалмалы және қолжетімді болатын жағдайды көрсетті. Бірнеше сынама алу нүктелерінде техногенді топырақ түзілуі байқалды, бұл табиғи топырақ профилінің қайтымсыз өзгеруін көрсетеді. Флораны зерттеу барысында 62 туыстан 72 түр тіркелді, рудеральды және синантропты түрлер бұзылған тіршілік ету орталарында басым, ал жергілікті түрлер тек нысаннан алыс бақылау нүктелерінде сақталды. Жалпы алғанда, бұл зерттеулер экожүйенің деградациясының жалғасып жатқанын көрсетеді және өсімдікке іргелес жайылымдар мен егістік алқаптарды ескере отырып, аймақтық азық-түлік тізбегіне қатысты нақты алаңдаушылық тудырады.
АГРОХИМИЯ
Қазақстанның оңтүстік шығысындағы сұр топырақтың гумустың төмен құрамымен, әлсіз құрылымымен және ылғалдың шектеулі сыйымдылығымен сипатталады. Бұл олардың табиғи құнарлылығының салыстырмалы түрде төмен деңгейін шарттайды және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін шектейді. Егіншілікті интенсификациялау жағдайында өзекті міндет - жүгерінің астық өнімділігін арттырудың экологиялық таза және үнемді әдістерін іздеу. Осы зерттеуде Атмас органикалық гумин тыңайтқышының жүгерінің өсуіне, дамуына және өнімділігіне әсері бағаланды. Гуминді тыңайтқышты қолдану өсімдіктердің дамуын ынталандырады және ризосферадағы қоректік заттардың қозғалғыштығын арттырады. Бұл тамыр жүйесінің қарқынды қалыптасуын қамтамасыз етеді, макро және микроэлементтердің сіңуін жақсартады және өсімдіктердің құрғақ кли-маттық стресстерге төзімділігін арттырады. Нәтижесінде астық өнімділігі 13,2-15,9 т/га дейін өсті, бұл бақылаумен салыстырғанда 4,7-ден 26,1% - ға дейін өсуді қамтамасыз етті. Осылайша, Атмас органикалық гумин тыңайтқышы егіннің тұрақты қалыптасуын, топы-рақтың агрохимиялық қасиеттерін жақсартуды және дақылдарды өсірудің экономикалық тиімділігін арттыруды қамтамасыз ететін сұр топырақ жағдайында жүгерінің астық өнімділігін арттырудың тиімді құралы болып табылады.
Берілген мақалада Оңтүстік Кореяда өндірілген Ынг-э Гюнтук биологиялық тыңайтқышының қауын егістерінің топырақ құнарлылығының көрсеткіштеріне, фитосанитарлық жағдайына, қауын өсімдіктерінің өсу үрдістеріне, дақылдың өнімділігіне және өнімнің сапасына әсері бойынша ғылыми нәтижелер келтірілді. Зерттеу барысында биологиялық препараттың қауын өсімдіктерінің фенологиялық даму кезеңдері мен биометриялық көрсеткіштеріне, жемістерінің өнімділігі мен сапалық көрсеткіштеріне әсері зерттеліп, анықталды. Зерттеу нәтижелеріне сәйкес, кешенді биопрепаратты қолдану қауын өсімдіктерінің биомасса қалыптастыруын қарқындатып, өсу үрдістері мен биохимиялық құрылымын жақсартып, топырақта макро- және микроэлементтер мөлшерін арттыратыны анықталды. Биологиялық препараттың қауын егістерінің фитосанитарлық жағдайына әсері анықталып, аса қауіпті нысан қауын шыбынына қарсы биологиялық және шаруашылық тиімділігі бойынша нәтижелер келтірілді. Өсімдіктерді биологиялық кешенмен бүркігенде, қауын шыбынына қарсы биологиялық тиімділік 87,42%, ал топыраққа енгізу арқылы қолданғанда 88,13% құрады. Ынг-э Гюнтук биотыңайтқышы қауын жемістерінің өнімділігін бақылау нұсқасымен салыстырғанда 28,0-32,6% жоғарылатты.
Зерттеу Жетісу облысының тәлімі жерлері жағдаи ында минералдық тыңаи тқыштар мен биопрепараттардың ашық қара-қоңыр топырақтың агрохимиялық қасиеттеріне және жаздық арпаның өнімділігіне әсерін бағалауға арналған. Зерттеудің мақсаты - әртүрлі тыңаи ту жүи елерінің топырақтың агрохимиялық көрсеткіштеріне, жаздық арпаның өсуі мен өнімділігіне әсерін бағалау. Далалық тәжірибе үш қаи талымда жүргізіліп, N60P90K80 минералдық фоны және БиоЭкоГум, BIOGRANO forte, BioAzoPhashit пен БиоФос биопрепараттары жеке және минералдық тыңаи тқыштармен бірге қолданылды. Топырақтағы жалпы қарашірінді, нитратты және жеңіл гидролизденетін азот, жылжымалы фосфор, алмаспалы калии , карбонаттар мөлшері мен топырақ ортасының реакциясы анықталды, сондаи -ақ өсімдіктердің өсу көрсеткіштері мен дән өнімділігі есепке алынды. Тыңаи тқыштарды қолдану қарашірінді мөлшері мен топырақ ортасының реакциясына аи тарлықтаи әсер етпегенімен, өсімдіктерге қолжетімді қоректік элементтер мөлшерінің өзгеруімен сипатталды. Нитратты азоттың (24,0 мг/кг) және жылжымалы фосфордың (26,5 мг/кг) ең жоғары мөлшері N60P90K80 + BioAzoPhashit нұсқасында анықталды. Өсімдіктердің ең жоғары биіктігі (51,3±1,1 см) N60P90K80 + БиоЭкоГум нұсқасында қалыптасты. Дәннің ең жоғары өнімділігі (11,3 ц/га) және бақылаумен салыстырғанда статистикалық тұрғыдан нақты қосымша өнім (3,3 ц/га немесе 41,2%) N60P90K80 + BIOGRANO forte нұсқасында алынды. Биопрепараттарды жеке қолданғанда дән өнімділігі 8,87-9,56 ц/га аралығында болды, ал бақылаумен салыстырғандағы қосымша өнім ең төменгі елеулі аи ырма деңгеи інен аспады. Статистикалық талдау минералдық қоректенудің жаздық арпа өнімділігіне әсерін растады, ал биопрепараттарды минералдық тыңаи тқыштармен бірге қолданғандағы қосымша әсері статистикалық тұрғыдан анықталған жоқ.
Үш жыл бои ы Ақмолинская облысы Шортанды ауданының жағдаи ында карбонатты құнарлы оңтүстік қара топырақта «Қостанаи құнар» сорты маи ы үшін өсірілетін зығырға минералды азот-фосфор тыңаи тқыштарын қолдану тиімділігінің салыстырмалы зерттеуі жүргізілді. Зерттеу жер даи ындаудың екі технологиясы – дәстүрлі және нөлдік – төрт өрісті алмастырымды егіс алқабында жүргізілді. Анықталғаны, дәстүрлі өңдеу алғашқы екі жылда нитратты азоттың қарқынды түрде тұтынылуын және құрғақ биомассаның жиналуы бои ынша артықшылықты қамтамасыз етті, әсіресе бақылау нұсқаларында және өсімдіктердің дамуының ерте фазаларында. Нөлдік технологияда уборка кезеңіне деи ін топырақта нитраттарды сақтауға ұмтылыс және өсу көрсеткіштерінің жоғары ауытқуы баи қалды. Үшінші жылы минералды қоректендіруді оңтаи ландырылған нұсқаларда биомассаның жиналуы мен өнімділік көрсеткіштеріндегі технологиялар арасындағы аи ырмашылықтар статистикалық тұрғыдан теңдесті. нөлдік технология жүи есінде фосфорды (P20) орамақ жолмен жерге енгізу мен азотпен (соның ішінде жапырақ диагностикасы бои ынша) бірге қолдану кезінде өнімділік 15,8-16,2 ц/га-ға жетті, бұл дәстүрлі технологияның көрсеткіштеріне (16,5-17,9 ц/га) сәи кес келеді.
МАҚАЛАҒА ШОЛУ
Бұл мақалада Түркістан облысының Отырар ауданы мысал ретінде Оңтүстік Қазақстанның құрғақ аи мағындағы жаи ылым экожүи елерінің жағдаи ы мен жұмыс істеуі бои ынша қазіргі зерттеулерге шолу жасалған. Онда аи мақтың табиғи-климаттық сипаттамалары, құрғақшылық пен климаттың өзгеруінің жаи ылым фитоценоздарының құрылымына, олардың өнімділігіне және биоәртүрлілігіне әсері қарастырылды. Жаи ылым экожүи елерінің тұрақтылығына әсер ететін негізгі факторлар, соның ішінде су режимі, топырақтың тұздылығы, органикалық көміртегі мөлшері, топырақ микробиомының жағдаи ы және антропогендік жүктеме талданды. Өсімдіктерді геоботаникалық бағалаудың заманауи әдістеріне, проекциялық жамылғыны, өнімділікті және биоәртүрлілік көрсеткіштерін анықтауға, сондаи -ақ жаи ылым жағдаи ын бағалау үшін геоақпараттық жүи елерді, қашықтықтан зондтауды және спутниктік мониторингті паи далануға ерекше назар аударылды. Табиғи алюмосиликаттар, гуминді заттар, ақуыз гидролизаты және микробалдырлар Chlorella vulgaris негізіндегі органоминералды тыңаи тқыштарды паи далану арқылы деградацияланған жаи ылымдарды қалпына келтіру перспективалары туралы деректер қорытындыланды. Геоботаникалық, топырақ-экологиялық және цифрлық зерттеу әдістерін біріктіретін кешенді тәсіл жаи ылым экожүи елерінің тұрақтылығын арттыруға, биоәртүрлілікті сақтауға және құрғақ аумақтарда табиғи жемшөп ресурстарын ұтымды паи далануға ықпал ететіні көрсетілді.
ISSN 2959-3433 (Online)









