ХИМИЯ ПОЧВ
Өзбекстанның Хорезм аймағының Ташсакинск алқабының тың және суармалы топырақтарындағы гумустың мөлшеріне, элементтік құрамына және гумин қышқылдарының оптикалық тығыздығына баға берілді. Зерттелген шөлді тың және суармалы топырақтар жеңіл және орташа сазды гранулометриялық құрамымен, шаңды-түйіршікті құрылымымен, әлсіз сілтілі реакциясымен сипатталады. Карбонаттар аз мөл-шерде -3,10-10,60%. Жоғарғы қабаттардағы гумустың жалпы мөлшері 0,19% - дан 0,76% - ға дейін өзгереді. Тың сұр-құба топырақтарда гумустың түрі гуматты–фульватты, игерілген топырақтарда - гуматты. Жаңадан суарылған сұр-құба-шалғынды және шалғынды-батпақты топырақтардағы органикалық заттардың гумификация дәрежесі, тың сұр-құба топырақтарға қарағанда жоғары және кескін бойымен төмен қарай төмендейді. Тың сұр-құба, суармалы шалғынды және шалғынды-батпақты топырақтардың гумин қышқылдарының оптикалық тығыздығы жоғары көрсеткіштермен сипатталатыны анықталды. Тың топырақтардың гумин қышқылдарының элементтері қосындысының пайызы ескі суарылатын шалғынды топырақтардан аз ерекшеленеді. Төменгі қабаттарда тотығу басқа зерттелетін топырақтармен салыстырғанда 1,02 есе артады. Алғаш рет Хорезм аймағының Ташсакинск алқабының шөлді аймағының тың және суармалы топырақтарында гумин қышқылдарының элементтік құрамы анықталды. Гумин қышқылдарының элементтік құрамы кескін бойымен жоғарыдан төмен қарай төмендейтін гумин қышқылдарының тотығуын көрсетті, бұл зерттелетін топырақ генезисінің ерекшеліктеріне, суару мерзімінің ұзақтығына және осы топырақтардың құнарлылық дәрежесіне байланысты.
Бұл мақалада Солтүстік Қазақстан облысы сілтісізденген қара топырақты егіншілік алқаптарының топырағындағы гумустың минерализациялану арқылы және эрозиялық үрдістердің нәтижесінде жоғалу мөлшері мен дегумификациялану үрдістері қарастырылған. Топырақтың дегумификациялануының қазіргі қарқыны ауылшаруашылық жерлерінің құнарлылығының төмендеуі мен өнімділіктің азаюына алып келеді, топырақ құнарлылығы құнды ресурс болып табылады. Органикалық заттардың ыдырау үрдісі мен оның дегумификациялануы тың топырақты жырту арқылы және оны ауылшарашылық жағдайында дұрыс пайдаланбау салдарынан орын алады. Солтүстік Қазақстан облысында тың игеру жылдарынан кейін топырақтың қарқынды түрде дегумификациялану үрдістері кең таралған. Зерттеу нысанының сілтісізденген қара топырағындағы гумустың минерализациялану арқылы 0,69 т/га және эрозиялық үрдістердің нәтижесінде 0,011 т/га жоғалатындығы анықталынды. Ауылшаруашылық жерлерін ұзақ жылдар бойы егіншілікке пайдалану мен қорғау жұмыстарының дұрыс жолға қойылмауы, топырақтағы гумустың мөлшерін толықтыратын органикалық заттардың жетіспеушілігі гумустың баланстық тепе-теңдігін бұзады, ал органикалық заттар топырақ құрылымдарын бір-бірімен байланыстырып, қоршаған орта факторларына төзімділігін арттырады. Егіс алқаптарының жыртылатын топырақ қабатындағы топырақ құрылымдарының бұзылуы, шаңды құрылымдардың басымдығы, гумус қабатының жұқаруы мен эрозиялық үрдістердің орын алуы анықталынды.
Агрохимия
Қазақстанның оңтүстік-шығысының тау алды аймағында көкөніс дақылдарын өсіру кезінде, Шаңқанай кен орынынан өндірілген табиғи цеолитті минералдық тыңайтқыштарға қоспа ретінде қолданғанда тиімділігі жоғарылайды. Минералдық тыңайтқыштар мен бірге қолданылған цеолит күңгірт-қара қоңыр топырақтың су-физикалық қабілеттерін жоғарылатуға септігін тигізеді. Цеолит пен тыңайтқышты ұштастыра қолдану топырақтағы жылжымалы қоректік элементтердің мөлшерін арттырады. Зерттелген күңгірт-қара қоңыр топырақтағы ауыр металдардың концентрациясы цеолиттің әсерінен төмендейді. Асханалық қызылша егістігінде цеолиттің 2 т/га нормасын қолдану, топырақтың 0-20 см қабатында кадмийдің концентрациясын 50%-ға төмендетті, ал бақылаудағы мөлшері 1,0 мг/кг құрады және рұқсат етілген концентрациядан (РЕК) аспады. Цеолит тыңайтқыштарының көкөніс дақылдарының өнімділігін жоғарылатуда оң әсері айқындалды: асханалық қызылшаның бақылаудағы өнімділігі 42,8 ц/га болса, тыңайтылған варианттарда 43,3-62,7 ц/га жоғарылады, немесе 4,4 т/га-дан 19,9 т/га аралығында қосымша қосымша өнімді қамтамасыз етті. Бақылаудағы қырыққабат өнімділігі 25,7 ц/га құраса, ал тыңайтқыш қосылған варианттарда 6,5-16,5 ц/га артады. Цеолит пен тыңайтқыштарды қолдану жоғары сапалы көкөніс өнімдерін алуды қамтамасыз етеді. Тыңайтқыш пен цеолитті ұштастырып қолдану, зерттелген дақылдардың өнімінің құрамындағы құрғақ зат, қант және С дәруменінің мөлшерін жоғарылатады. Цеолитті қолдану кезінде өнімдегі нитраттардың мөлшері төмендесе, ал басқа варианттарда оның мөлшері біршама артып, РЕК аспады. Бақылау вариантында қырыққабаттың қауданындағы нитрат мөлшері 223 мг/кг болса, ал 2т/га цеолит қолданған вариантта - 205 мг/кг құрады, асханалық қызылшаның тамыр жемісінде сәйкесінше, 248 мг/кг және 195 мг/кг аралығында өзгереді.
Мақалада аммиак селитрасының әртүрлі дозаларының жаздық тритикале дәнінің шығымдылығына және ақуыз құрамына әсерін зерттеу нәтижелері берілген. Дүние жүзіндегі көптеген зерттеулер азот дәнді дақылдардың өнімділігіне әсер ететін негізгі фактор екенін анықтады. Мақалада жаздық тритикалені сүрі жер және аңыз алғы егістер бойынша өсіру туралы 5 жылдық зерттеудің (2018-2022 жж.) нәтижелері берілген. Азотты тыңайтқыш белсенді затта 20-дан 80 кг/га дозада қатарлап егу кезініңде енгізілді. Тәжірибе Ақмола облысында («А.И. Бараев атындағы АШҒӨО» ЖШС) оңтүстік карбонатты қара топырақта жүргізілді. Бес жылдық зерттеу барысында тек 2018 жыл тритикаленің вегетациялық кезеңінде оңтайлы гидротермиялық жағдайлармен сипатталды, қалған төрт жыл (2019-2022 жж.) құрғақ болды. Топырақтың метрлік қабатындағы өнімді ылғалдың қоры сүрі жер бойынша тритикалені егу алдында 119-138 мм, аңыз бойынша - 119-125 мм құрады. Тритикалені егуге дейін 0-40 см топырақ қабатында N-NO3 мөлшері зерттелген жылдарда өзгеріп отырды, сүрі жер бойынша - 11-28 мг/кг, ал аңыз бойынша - 10-17 мг/кг топыраққа өзгерді. Егіс алдындағы Р2О5 мөлшері (0-20 см топырақ қабатында), алдыңғы егіске қарамастан - 24-37 мг/кг топыраққа өзгерді. Зерттелетін екі алдынғы егіс бойынша, аммиак селитрасының әртүрлі дозаларының дән шығымдылығына және тритикале дәніндегі ақуыздың құрамына сенімді әсерін анықтау мүмкін болмады. Сүрі жер бойынша азот тыңайтқышының дозасы мен тритикале шығымдылығы арасындағы күшті корреляция тек
2020 жылы (r = 0,85) және 2021 жылы (r = 0,83) анықталды. 0,99). Аңыз алдынғы егіс бойынша азот дозалары мен шығымдылық арасындағы күшті оң корреляция 2019 (r = 0,78), 2021 (r = 0,79) және 2022 (r = 0,87) жылдары байқалды. Тритикале дәніндегі ақуыз мөлшері мен азот дозалары арасындағы корреляция 4 жылдың 2-інде (r = 0,86...0,96) сүр бойынша анықталды. Аңыз бойынша барлық зерттеулер жылдарында күшті оң байланыс байқалды (r = 0,83...0,99).
Далалық тәжірибелерде Солтүстік Қазақстанның қоңыр топырақта-рында картопқа минералды тыңайтқыштарды қолданудың жоғары энергетикалық тиімділігі анықталды. Азот, фосфор және калий тыңайтқыштарын қолданудың энергетикалық тиімділігі зерттелді. Тыңайтқыштардың дозаларына байланысты негізгі өнімінің 1 ц қосымша өсіміне азотты тыңайтқыштардың энергия шығыны 6223,3 МДж-ден (пайдалы коэффициент әсері = 2,2 бірлік) 15129,6 МДж-ға дейін (пайдалы коэффициент әсері = 1,0 бірлік) құрады. Картоп түйнектерінің өнімділігін (ц) арттыру арқылы қолданы-латын 1 кг фосфор тыңайтқыштарының энергия мөлшері 11712 МДж-ден (пайдалы коэф-фициент әсері = 1,9 бірлік) 18300 МДж-ға (пайдалы коэффициент әсері = 2,5 бірлік) дейін бағаланды, бұл жоғары энергетикалық тиімділікті көрсетеді. Энергия шығындары N45K45 фонында 5130,5 MДж диапазонында және N45P90K45 ең жақсы нұсқасында 7208,3 MДж диапазонына дейін өзгерді. Калий тыңайтқыштарын пайдаланудан энергия тиімділігі N45Р45 фонында K45 және K90 нұсқаларында 2,2 бірлікте бағаланды. Қолданылатын тыңайтқыштардың энергетикалық тиімділігі тұрғысынан тиімді нұсқаларда 1 центнерлік картоп түйнектерін алу үшін энергия шығындары азайды. Дақыл өсіруге және өсімдік өнімдеріндегі энергия мөлшеріне (Vf0, МДж/га) арналған энергетикалық шығындарды (Ао, МДЖ) ескере отырып, тыңайтқыштарды қолдану тәжірибесінде дақыл өсірудің тиімділігіне биоэнергетикалық бағалау жүргізуге болады. Зерттеудің мақсаты - Қазақстанның солтүстік аймағының қоңыр топырақтарында картопқа минералды тыңайтқыштарды қолданудың биоэнергетикалық тиімділігін анықтау.
Мақалада Қазақстанның астық өндірісін, атап айтқанда өсімдік шаруашылығын әртараптандыру бағдарламасында аясында болашағы зор, құнды майлы дақылдардың бі-рі – қыша дақылы бағаланады. Солтүстік Қазақстанның дала аймағында қышаның минералды қоректену жағдайлары зерттелмегені анықталды және осы бағытта далалық тәжірибелер жүргізілді. Топырақтағы қоректік заттардың мөлшері мен қыша сорттарының өнімділігі арасындағы сандық байланысты анықтау үшін фосфор мен азоттың әртүрлі деңгейлерін құруға арналған 14 нұсқа сұлбасы салынған зерттеу жұмыстары ұсынылған. Зерттеудің барлық жылдарында қыша топырақтағы фосфор мөлшерінің жетіспеушілігі жағдайында дамыды, топырақтың азотпен қамтамасыз етілуі орташа, калиймен жоғары деңгейде қамтамасыз етілді. Азотты-фосфорлы тыңайтқыштар топырақтағы нитратты азот пен жылжымалы фосфордың мөлшерлерін 2-3 есеге арттыруға ықпал етті және ол енгізілген тыңайтқыштардың мөлшерімен анықталды. Тыңайтқышсыз аяда (бақылау) қыша өнімділігі төмен болды, ол тыңайтқыштардың мөлшеріне, топырақтың ылғалдылығына, қоректік заттардың бастапқы құрамына байланысты сәйкес өзгерді. Бұл қышаның тыңайтқыштарға деген қажеттілігін, оның топырақтағы мөлшеріне, түрлеріне, тыңайтқыштардың құрамына сәйкес өзгеретінін көрсетті.
Обзорные статьи
Қазіргі алма бақтарында тұрақты жеміс өндіруге қол жеткізу және сапалы сақтауды қамтамасыз ету маңызды. Бұл шолуда минералды қоректендіруді оңтайландыруға арналған, өнімділікті және жемістердің сақталу мерзімін арттыруға бағытталған заманауи әдістерді зерттейді. Минералды тыңайтқыштардың тиімділігін арттыруға, теңгерімді қоректендіруді сақтауға және азот, фосфор, калий, кальций және бор сияқты негізгі қоректік заттардың маңызды рөлін түсінуге назар аудара отырып, алма бағын басқаруды жақсартудың әртүрлі стратегиялары қарастырылады. Шолу тұрақты, жоғары сапалы жеміс өніміне қол жеткізу үшін әртүрлі өсу кезеңдерінде және фенологиялық фазаларында өсімдіктердің қоректік заттарға қажеттілігін түсінудің маңыздылығын атап көрсетеді. Сонымен қатар, ол оңтайлы өнімділік пен экономикалық өміршеңдікті қамтамасыз ететін алма бақтарының нақты қажеттіліктеріне сәйкес минералды қоректену тәжірибесін бейімдеу үшін үздіксіз диагностикалық бағалаулар қажеттігін атап көрсетеді.
Мақалада Қазақстандағы топырақтану ғылымының ең өзекті, өзекті және шешімін таппаған мәселелері зерттеліп, көпшілік назарына ұсынылған. Авторлар осы мәселелерді шешуге өз көзқарастарын ұсынады.
Батыс Қазақстан топырақ түзілу жағдайлары және топырақ жамылғысының күрделі құрылымы бойынша әртекті кең аумақпен сипатталады. Оның қалыптасуына шөлейттену жағдайында антропогендік кері факторлар да әсер етеді. Топырақ картасы әзірленді. Топырақтың тозу дәрежесін ескере отырып, генетикалық тәсіл негізінде жер ресурстарын бағалау кезінде кешенді тәсіл әдістемесі негізделген.
ИНФОРМАЦИЯ
ISSN 2959-3433 (Online)