Топырақ құнарлылығы
Мақалада Ақдала суармалы алқабының күріш алқаптарының топырақтарында жүргізілген зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Жалпы және суда еритін гумустың мөлшері қабаттарға қарағанда, жоңышқа қабатының айналымында көп екендігі анықталды. Бұл жеңіл ыдырайтын азотқа да тән. Жалпы және суда еритін гумустың мөлшерін анықтау нәтижесі, алғы егіс жоңышқа қабаты айналымы болған алқаптарда жалпы гумустың мөлшері жоғары болатынын - 1,4 % көрсетті. Жалпы азот мөлшерінің жылдар бойынша салыстырмалы сипаттамасы оның мөлшері тұрақты болып қалғанын көрсетті, арту немесе төмендеу бойынша күрт өзгерістер болмады. «Бірлік» АФ-да қолданылатын ауыспалы егіс негізінен осы шаруашылықтағы топырақтардың табиғи құнарлылығын сақтауға ықпал етеді. Белгілі бір топырақ құнарлылығының оңтайлы деңгейі, оның негізгі қасиеттері мен көрсеткіштерінің үйлесімімен анықталады, онда өсімдіктердің өсуі үшін барлық маңызды факторларды барынша толық пайдалануға және өсірілетін ауылшаруашылық дақылдарының мүмкіндіктерін жүзеге асыруға болатыны белгілі. Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, қасиеттер мен көрсеткіштердің осындай үйлесіміне қол жеткізу үшін, ауыспалы егіс танаптары бойынша тек дақылдарды алмастырудың сақталуы жеткіліксіз. Топырақ құнарлылығы әлеуетінің маңызды көрсеткіші – олардағы гумустың мөлшерін арттыруға көп көңіл бөлу керек. Ол үшін жеңіл топырақтың механикалық құрамын ауырлатуға, күріш өсімдіктеріне оңтайлыға жақын жылжымалы азот қосылыстарының мөлшеріне қол жеткізуге ықпал ететін бірқатар агротехникалық және басқа да шараларды жүргізу қажет. Такыр тәрізді топырақтардың биологиялық белсенділігін арттыру, оның құнарлылығын реттеудің әртүрлі әдістері мен тәсілдерін қолдана отырып, топырақтың агрономиялық тұрғыдан аса құнды қасиеттерін оңтайландыру жолдарын табу қажет.
Постмелиоративтік кезеңде жер асты суларының оңтайлы тереңдік деңгейін және оңтайлы су-тұз және қоректік режимдерді сақтау маңызды. Осы зерттеулердің мақсаты постмелиоративтік кезеңде пайдаланылатын мелиорацияланған топырақтарға ғылыми негізделген баға беру және құнарлылық модельдері негізінде олардың мелиорациялық құбылымын одан әрі болжау параметрлерін бағалауды әзірлеу. Зерттеу нәтижесінде сутұз және қоректік құбылымдарын, жер асты суларының деңгейін, олардың бұрын мелиорацияланған шалғынды сортаңдардың табиғи жағдайда және жоңышқа астында терең, көлденең дренаж ортада минералдануын бағалауға және топырақ биотасын басқару әдістерін жасауға, топырақтың мелиоративті жағдайын және олардың құнарлылығының тиімді көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік беретін мәліметтер алынды. Құнарлылық модельдерінің негізінде қарашірік қорларын кеңінен қайта қалпына келтіру, мелиорацияланатын агроландшафттардың (агроценоздардың) тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі ұсыныстар негізделген.
Топырақ биологиясы
Әзірбайжанның құрғақ дала аймағы топырақтарында өмір сүретін омыртқасыз жануарлардың биомассасын анықтау, олардың табиғи және мәдени ценоздардағы биоценотикалық рөлін анықтауға мүмкіндік беретін маңызды және қажетті өлшемшарт болып табылады. Сұр-құба және тұтасқан қара топырақтардағы омыртқасыз жануарлардың биомассасын энергетикалық бағалау, бұл - педобионттардың жекелеген топтарының энергияны түрлендіруге және заттардың геохимиялық айналымына қатысуын сипаттайтын биоэнергетикалық көрсеткіш. Есептеулер көрсеткендей, табиғи ценоздың омыртқасыз жануарлар жинақталған тұтасқан қара топырақтардағы жиынтық энергия 1197,10 кал/м2 құрады, ал жоңышқа агроценозында ол 2915,31 кал/м2 дейін өсті. Ұқсас ценоздардың омыртқасыз жануарлардың биомассасында сұр-құба топырақтарда энергияның едәуір көп мөлшері жинақталады, сәйкесінше - 3166, 91 кал/м2 және 6598, 30 кал/м2.
Топырақтың тұздануы және мелиорациясы
Мақалада Түркістан облысы Шәуілдір алқабының "Кенжеғара" және "Бақырамбек" ШҚ-ның тұзданған топырақтарына инновациялық технологияларды қолдану арқылы алынған жұмыстардың нәтижелері келтірілген.
"Орталық Азия мен Түркиядағы қуаңшылыққа және тұздануға ұшыраған ауыл шаруашылығы өндірістік ландшафттарындағы табиғи ресурстарды кешенді басқару" жобасы бойынша келісім шеңберінде БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылық ұйымының (ФАО) қолдауымен 20 га суармалы топыраққа технологияны енгізу жұмыстары жүргізілді.
ФАО-ның - ЖЭҚ жобасы (жахандық экологиялық қор) көп елдік болып табылады және оның басты мақсаты - Орталық Азия мен Түркияның қуаң және тұзданған аумақтарында табиғи ресурстарды кешенді басқарудың ең үздік технологиялары мен тәсілдерін кеңінен тарату және масштабтау болып табылады. Бағдарламаны іс жүзінде жүзеге асыру тұзданған суармалы топырақтарда жүгері өнімін алу мәселесін шешу үшін жүргізілді. Біз енгізудің басында және соңында 2 шаруа қожалық топырағының 0-20, 20-50 және 50-100 см тереңдікке дейінгі тұздану картасын жасадық. Осы технологияны қолдану кезінде "Кенжеғара" ШҚ топырағының 70,8% тұзданбаған санатқа ауысқаны, ал жүгерінің өнімділігі 25,5 % - ға артты және қосымша өнім орта есеппен 23,3 ц/га құрағаны анықталды. Дәл осындай заңдылық "Бақырамбек" ШҚ топырағында да байқалады, онда инновациялық технология енгізілгеннен кейін топырақ 100 % тұзданбаған санатқа ауысты, ал өнімділік 33,1 % - ға артты. Инновациялық технологияның экономикалық тиімділігі "Кенжеғара" ШҚ-да 127,8 мың теңге/га, ал "Бақырамбек" ШҚ-да 124,3 мың теңге/га құрады.
Агрохимия
Рязань Мещерасындағы бұрын құрғатылған жерлердің көпшілігі деградациялық үрдістердің дамуына байланысты қалпына келтіруді қажет етеді. Бұл шымтезек топырағына жаңа тыңайтқыш мелиоранттарын беру технологиясын енгізу арқылы мүмкін болады. Авторлар ешкі көңінің негізінде, коммуналдық шаруашылықтың ағынды суларының тұнбасы, ұсақталған сабан және Баи кал ЭМ-1 препаратын экологиялық қауіпсіз арақатынаста қосып жаңа тыңайтқыш мелиорантын әзірледі. Зерттеулер жалпы қабылданған әдістеме бойынша, әр түрлі мөлшерде тыңайтқыш мелиорантын енгізу сызбасымен, Рязань облысы, Рязань ауданы, Полково ауылында лизиметриялық станциясында қойылған вегетациялық тәжірибеде жүргізілді. Топырақ пен өсімдікке ешкі көңі негізіндегі жаңа тыңайтқыш мелиорантының тиімділігін зерттеу мақсатында жүргізілген ыдыстардаға қойылған вегетациялық тәжірибе келесі нәтижелерді көрсетті: бақылаумен салыстырғанда жалпы азоттың, жылжымалы фосфордың және алмаспалы калийдің концентрациясының 1,0-2,7 %-ға, 0,3-0,7 % - ға және 0,01-0,02 % - ға өсті; арпа өсімдіктерінің биіктігі бақылаумен салыстырғанда 7,5-1,5 % - ға артты; бақылаумен салыстырғанда гордеиннің 3,5-6,0 %-ға жоғарылауымен қатар, арпа дәніндегі жалпы ақуыздың артуы төмен молекулалық фракцияларда төмендесе, жоғары молекулалықта басым болды; топырақтағы, сабандағы және дәндегі ауыр металдардың концентрациясы санитарлық мөлшерден аспады; топырақта патогендік микрофлора мен гельминт жұмыртқаларының мөлшері табылған жоқ. Агрономиялық тұрғыдан ең оңтайлы 3-нұсқа болып саналады - 15 т/га тыңайтқыш мелиорантын енгізу.
Обзорная статья
Пестицидтер XX ғасырдың ортасынан бастап бүкіл әлемде, ауыл шаруашылығында дәнді-дақылдарды және олардың туындыларын өндіру үшін пайдаланылуда. Көптеген пестицидтер, әсіресе фунгицидтер мен инсектицидтер әр түрлі аурулардың алдын алу және пісу кезінде өнімділікті арттыру үшін қолданылады. Пестицидтердің қоршаған ортаға шығарылуы химиялық ластаушы заттардың жалпы санының бір пайызын құрайды, бірақ бұл қосылыстар организмдердің белгілі бір топтарын, пестицидтер мен олардың трансформация өнімдерін басуға бағытталғанын ескере отырып, олар биотаның әр түрлі түрлеріне және ағзаға көкөністер мен жемістер арқылы еніп, оның ішінде олар нашар жуылған болса адам денсаулығына улы әсер етеді. Сонымен қатар, олар дәнді дақылдардан топырақтан сіңіп кету арқылы енеді. Қазіргі таңда, қауіпсіз пестицидтер жоқ, тіпті аз мөлшерде қолданған кезде де олар әртүрлі аллергиялық реакциялар мен улануды тудыруы мүмкін. Ауылшаруашылық өнімдерін өндіруде мақұлданған пестицидтер қолданылады, бірақ бұл препаратты ұзақ уақыт қолданудың жағымсыз салдары болуы мүмкін екендігін жоққа шығармайды. Демек, осы өнімдердегі пестицидтердің қалдықтарын үнемі бақылау адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіпті азайтады. Сондықтан пестицидтердің қалдықтарын анықтаудың тиімді, жылдам және үнемді әдістері қажет. Мақалада дәнді дақылдардағы пестицидтерді талдауға сынама дайындау әдістері, сондай-ақ сынамаларды дайындауда экологиялық, жасыл химия әдістерінің бірі болып табылатын қатты фазалы микроэкстракция әдісінің ерекшеліктері көрсетілген.
Мақалада Қарабақ даласы топырағының таралуының этногеографиялық ерекшеліктері қарастырылады. Аймақтық топырақтардың морфогенетикалық көрсеткіштері мен климаттық және абиотикалық факторлармен байланысы туралы кейбір сипаттамалық мәліметтер келтірілген. Әзірбайжанда 11 әлемдік климаттық зонаның 9-ы бар, олар республиканың материалдық құндылығы (генофонд) болып табылатын, бірегей және эндемикалық топырақ түрлерінің дамуымен сипатталады. Топырақтанушылардың, археологтардың, этнографтардың зерттеулері Әзірбайжанның адамзат өркениетінің орталықтарының бірі екенін дәлелдейді. Қарабақ даласының топырақтары аридті субтропикалық жағдайда дамиды, сондықтан өзіне тән өсімдік формациялары астында сұр-қошқыл, сұр-құба, шалғынды-сұр және сұр топырақтарының пайда болуына салыстырмалы талдау жасалады. Қарабақ даласы топырағының даму тарихы Кура-Аракс ойпатының даму тарихымен тығыз байланыста сипатталады. Кура-Аракс ойпатының тарихи жылнамасының кезеңдері жоғарғы сарматтың кезеңдерін, антропогеннің басы мен ортасын, хвалынге дейінгі уақытты және төрттік кезеңнің басталуын дәйекті түрде қамтиды. Дәл осы уақытта Кура-Аракс ойпаты мен Қарабақ даласы рельефтік тұрғыда, топырақтың жоғарғы қабаты және топырақ белсенді түрде қалыптасты. Осы уақытта Әзірбайжан этносының өзіндік этномәдениеті жан-жақты дамыйды.
Некролог
ISSN 2959-3433 (Online)