Preview

Топырақтану және агрохимия

Кеңейтілген іздеу
№ 1 (2021)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

Топырақ құнарлылығы

5-13 180
Аңдатпа

Мақалада Іле Алатауы тау алды тіктік аймақтың әртүрлі топырақтарын зерттеу нәтижелері келтірілген. Іле Алатауы тау алды аймақтарының топырақтарын (қара, күңгірт-қара, ашық-қара қоңыр топырақтар) ұзақ уақыт ауылшаруашылығы үрдісінде пайдаланудан құнарлылық көрсеткіштерінің (гранулометриялық құрамы, қарашірінді мөлшері, азот, фосфор, калийдің жалпы және жылжымалы формалары, карбонаттар) тың аналогтарымен салыстырғанда, жоғарғы қабаттарында біршама өзгерістерге ұшырайды. Зерттеу нәтижелері, топырақтарды ауылшаруашылығында ұзақ мерзім пайдаланудан егістік жерлердің күңгірт-қара қоңыр топырағының құрамындағы қарашірінді мөлшері, тың жерлердегі аналогтармен салыстырғанда 1,04 %, ал егістік жерлердің қара топырағының құрамындағы қарашірінді мөлшері тың жерлердегі түрлерімен салыстырғанда 1,47 % дейін төмендейді. Зерттелген топырақтарда сіңірілген негіздердің құрамында Са мен Mg катиондарының басымдылығы анықталды. Егістік жердің күңгірт-қара қоңыр топырағының беткі қабатында Са мөлшері 80,6 %, Mg мөлшері 16,1 % болса, тың жердің топырағында олардың үлесі 77,5 % және 17,0 % құрады. Қара топырақтың егістік жерінде, беткі (0-25 см) қабатта Са үлесі 92 %, Mg үлесі 5,3 % болса, ал тың жердің топырағында 83,6 және 12,1 % аралығында өзгереді. Қабат тереңдеген сайын Са катионының үлесі төмендейді, Mg катионының шамасы арта түседі.

14-30 1132
Аңдатпа

Мақалада Қазақстанның мал жайылымдарының қазіргі жағдайы, оларды тиімді пайдалану концепциясы сипатталған. Орманды дала мен дала, құрғақ дала және шөлейт аймақтарының жайылымдары бүгінгі күні қалай пайдаланылып жатқандығы туралы жазылған. Жайылым мәселесі бойынша еліміздегі соңғы ғылыми әзірлемелер, жайылымдарды пайдаланудың халықаралық тәжірибесі, негізгі проблемалары аталып көрсетілген. Қазақстанның жайылым жерлері – ең маңызды республикалық және ғаламдық ресурс. Бүгінгі күні өзекті мәселе жайылымдарды ұтымды пайдаланудың негізгі элементтерін әзірлеу және олардың тиімділігін іс жүзінде көрсету, ГАЖ технологияларын қолдана отырып жайылымдарды игерудің ғылыми негіздерін әзірлеу мәселелері көрсетілген, бұл тұтастаи ауылшаруашылығының өндірісін нығайтуға және кеңейтуге ықпал етеді. Зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізу республикамыздың мал шаруашылығын дамытуда жайылымдық жерлерді тиімді қолдану мен оларды қалпына келтіруде, жақсартуда үлкен негіз болып табылады.

Топырақтың тұздануы және мелиорациясы

31-43 216
Аңдатпа

Мақалада Қызылорда облысы Шиелі ауданының «Төңкеріс-К» ШҚ күріш алқаптарында тұзданған топырақты мелиорациялаудың дифференциалданған жүйесін - тұзданған топырақтардың құнарлылығын арттыру жаңа технологиясын қолдану кезінде алынған нәтижелер келтірілген (НТОЗ-2). Технологияны 20 гектарға енгізу ФАО-ның қолдауымен «Орталық Азия мен Түркияның құрғақшылыққа бейім және тұзды ауылшаруашылық өндіріс ландшафттарындағы табиғи ресурстарды кешенді басқару (CACILM-2)» келісімі бойынша жүзеге асырылды. Бұл көп елдік ФАО-ГЭФ жобасының басты мақсаты - Орталық Азия мен Түркияның құрғақ және сортаңды аймақтарында табиғи ресурстарды кешенді басқарудың үздік технологиялары мен тәсілдерін кеңінен тарату және кеңейту. Бағдарламаны іс жүзінде жүзеге асыру тұздалған суармалы топырақта ауылшаруашылық дақылдарының өнімін алу мәселесін шешуден тұрды. Шаруа қожалықтарының 0-20, 20-50 және 50-100 см тереңдікке дейін топырақтың тұздану карталары іске асырудың басында және соңында құрастырылды. Аталған технологияны қолдану арқылы топырақтың тұздануының төмендеуіне әкелгені анықталды: орташа және қатты тұзданған топырақтың ауданы төмендеді, ал топырақтың 6,1 % ауданы тұздалмаған санатқа өтті. Осының нәтижесінде осы шаруа қожалықтың 20 га-ның күріш өнімділігі 28,7 % - ға артты. Технологияны енгізуден түскен таза пайда 57430 теңге/га құрады.

44-56 981
Аңдатпа

Ауыспалы кезең жылдарында суармалы топырақ құнарлылығын экстенсивті пайдалану, әсіресе суару және коллекторлық-дренаждық желілердің қанағаттанғысыз жай-күйі, олардың техникалық параметрлерінің жобалау нормаларына сәйкес келмеуі суармалы алқаптардың топырақ-мелиорациялық жағдайларының күрт нашарлауына әкелді. Осылайша, суармалы алқаптар топырақтарының мелиорациялық жай-күйінің нашарлау проблемасы бүгінгі күні өзекті проблема болып табылады және оларды шешу топырақ және биология ғылымының басым міндеттерінің бірі болып табылады. Осы жағдайларға байланысты қолайсыз мелиорациялық жағдайда тұзды топырақтың құнарлылығын және ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін технология ұсынылады. Мақалада тұқым себу алдындағы өңдеу және тамырдан тыс қоректендірудің жүгері дақылына қолдану нәтижелері келтірілген. Қолданылған биопрепараттың өсімдіктің өсуіне және жүгері собықтарының санына фенологиялық бақылау деректері келтірілген. Зерттелген өсіру әдістері биометриялық көрсеткіштерге және дақыл құрылымының кейбір элементтеріне әртүрлі әсер етті. Биопрепаратты пайдалануды зерттеу жылдарында өсімдіктердің өсуі байқалды, олардың орташа биіктігі 238 см құрады, бұл биопрепаратты пайдаланбай, тұзды топырақтың құнарлылығын арттырудың инновациялық технологиясын қолданумен салыстырғанда 36,3 см-ге көп. Бұл Шәуілдір суармалы алқабындағы шаруа қожалықтарына тұзданған топырақтардағы жүгері өнімділігін арттыруға мүмкіндік берді. Топырақтың тұздану дәрежесіне байланысты дәндік жүгерінің өнімділігі тұзданбаған топырақта 71,1 ц/га бақылау нұсқасымен салыстырғанда 40,0 % - ға деи ін (110,2 ц/га) өсті. Әлсіз тұзданған және орташа тұзданған топырақтарда бақылаумен салыстырғанда 81,2-83,9 ц/га (62,5 - 63,5 ц/га) өсім тиісінше 30,0-32,1 % - ды құрады. Қатты тұзданған топырақтарда дәндік жүгері өнімділігінің артуы 11,4 % – ды құрады (53,4 ц/га), бақылауда - 47,1 ц/га.

Бүлінген топырақтарды қалпына келтіру

57-63 112
Аңдатпа

Ластанған жерлерді тиімді пайдалану үшін, осы жерлердің тұздануын алдын-алу мақсатында рекультивациялық және мелиорациялық іс-шаралар жүргізу қажет. Әзірбайжанда мұнай өндіруге байланысты, қазіргі уақытта 10 мың гектар жер қалпына келтіру бойынша шұғыл шараларды қажет етеді. Абшерон түбегінде қалыптасқан жағдай сын көтермейді, өйткені табиғатты қорғау шаралар жүргізілмегендіктен, ластанған жерлердің ауқымды учаскелері пайда болды, олар есепке алу және картаға түсіру кезінде, ластанған жер ретінде көрсетіледі. Бұл аумақтар мұнай өнімдерінің қалыңдығы мен жайғасу тереңдігімен ерекшеленеді. Топырақтың битумдалуы мұнайды өндіру нәтижесінде атқылау мен төгілуі кезінде де жүреді. Өсімдіктердің (жабайы анар мен цезальпиния) шикі мұнайға төзімділігін зерттеу үшін, жасанды түрде ластанған Абшерон түбегінің қалпына келтірілген сұр-қоңыр құмдақ топырақтарында тәжірибелер қойылды. Алынған мәліметтер нәтижесінде, Абшерон түбегіндегі мұнай өнімдерімен ластанған топырақтарда жабайы анардың дамуы әлсіз және өнімділігі төмен екендігі анықталды. Жеке ластану пайызы бар топырақтарда оң нәтиже алу мүмкін емес екендігі көрсетілген. Сондай-ақ, тәжірибе барысында цезальпиния өсімдіктері осы түбектің топырақтарына тән және оларды 5 % - ға дейін мұнаймен ластанған топырақтарда өсіруге болатындығы анықталды.

Агрохимия

64-73 169
Аңдатпа

Қазіргі таңда Қазақстанның барлық аймақтарында топырақтың құнарлылығының нашарлауы, органикалық заттардың және негізгі қоректік элементтердің мөлшерінің төмендеуі, тұздану процестерінің дамуы және топырақтардың топырақ-мелиоративтік жағдайларының нашарлауы байқалады. Бұл ең алдымен органикалық және минералдық тыңайтқыштарды қолдану көлемнінің азаюымен және ғылымға негізделген ауыспалы егістердің сақталмауына байланысты болып отыр. Суармалы жерлердің агромелиоративтік жағдайын жақсартатын биологиялық шараларды әзірлеу және өндіріске енгізу ауылшаруашылығы дамуының өзекті бағыты болып табылады. Кешенді әсер ететін және өсімдіктердің өсуін ынталандыратын қасиеттері бар биопрепараттарды қолдану мүмкіншілігі қарқынды зерттелуде. Жұмыстың мақсаты тұқымдарды және өсімдіктерді тамырдан тыс «БиоЭкоГум» гуминді тыңайтқышымен өңдеудің күздік бидай дәнінің сапалық көрсеткіштеріне әсерін зерттеу. Күздік бидай дәнінің биохимиялық көрсеткіштері: протеин, крахмал, клейковина, ұндағы клейковина және глютен-индекс. Далалық зерттеулер 2018-2020 ж.ж. Алматы облысы Қарасай ауданында «Agropark Ontustik» тәжірибе танаптарында жүргізілді. Зерттеу нысаны ашық қарақоңыр топырақтар, күздік бидай дақылы «Стекловидная 24» сорты. Күздік бидаи дақылының тұқымын сепер алдында «БиоЭкоГум» сұйық гуминді тыңайтқышының ертіндісімен өңдеу тұқымдардың күйзелістерге төзімділігі мен тұқымдардың шығымын арттырады. Күздік бидай дақылының өсімдіктерін тамырдан тыс екі рет үстеп қоректендіру бақылаумен салыстырғанда (2,29 т/га) өсімдіктердің өсуі мен дамуын күшейтеді, 1000 тұқымның салмағын, дәннің өнімін 36-49 %-ға арттырады. Гуминдік тыңайтқыш дәннің сапалық көрсеткіштеріне айтарлықтай әсер етті. Бақылау нұсқасында дәндегі протеиннің мөлшері 13,6 % құрады, ал «БиоЭкоГум» қолданылған нұсқада 2,1 %-ға артқан. Біздің мәліметтеріміз бойынша күздік бидайдың тұқымдарын өңдеу және өсімдіктерін бүрку дәндегі крахмалдың мөлшерін 56,6 %-ға дейін төмендетеді, сонымен қатар дәндегі глютен -индекстің 14 %-ға төмендеуіне жағдай туғызады. Жүргізілген өндірістік сынақтардың нәтижелері бойынша «БиоЭкоГум» сұйық гуминді тыңайтқышын Қазақстанның оңтүстік облыстарында дәнді дақылдарды өсіргенде кеңінен қолдануға ұсынылады.

Обзорная статья

74-84 144
Аңдатпа

Ауыл шаруашылығындағы климаттың өзгеруінің теріс салдары қазірдің өзінде өнімділіктің төмендеуі және ауа-райының жиі кездесетін кері құбылыстары түрінде сезіледі. Экономиканың ең қауіпті саласы ретінде, ауыл шаруашылығында өндірісті ұлғайту үшін және өнімділік деңгейін сақтау үшін, ол бейімделуге айтарлықтай инвестицияны қажет етеді. Ұсынылып отырған мақалада ландшафтық-экологиялық байланыстар, ресурс үнемдеуші технологиялар, экономикалық тиімділік және қазіргі заманғы экологиялық қауіпсіз егіншілік жүйелерін сәйкестендіру негізінде аумақты оңтайлы ұйымдастыру, өсімдіктердің генетикалық әлеуетін және басқа салдарды толық іске асыра отырып, өнімділік пен сапаның берілген параметрлері бар сорттарды құруды қамтитын Қазақстанның егіншілігіндегі зерттеулердің басым бағыттарын климаттың өзгеруіне бейімдеу қарастырылды.

Юбилей



ISSN 1999-740X (Print)
ISSN 2959-3433 (Online)