Қазақстанның оңтүстік-шығысы жағдайында биоорганикалық тыңайтқыштардың картоп және көкөністік тамыржемістілердің өнімділігіне әсері
https://doi.org/10.51886/1999-740X_2023_3_67
Аннотация
Қазақстанда органикалық көкөністер және картоп өндірілмейді. Осыған байланысты органикалық агротехнологияларды әзірлеу өте маңызды. Органикалық өндірісте минералдық тыңайтқыштарды қолдануға болмайды. Мұнда топырақ құнарлылығын сақтау және арттыру, көкөніс өсімдіктерін барлық қажетті қоректік заттармен қамтамасыз ету күрделі болады. Осы себепті органикалық тыңайтқыштар мен топырақтартың және өсімдіктердің қызметін белсенді ететін биологиялық препараттардың рөлі артады. Органикалық тыңайтқыштар топырақтың құнарлылығын сақтауда және көтеруде, картоп және көкөністердің өнімділігін арттыру және сапасын арттыру, оның ішінде өнімнің экологиялық сапасын жақсартуда аса маңызды фактор болып табылады. Қазақстаннның оңтүстік-шығысының тау бөктерінің жағдайында жергілікті органикалық тыңайтқыштардың, жаңа Baraebong Organic Fertilizer (Корея Республикасы) биоорганикалық тыңайтқыштының және биопрепараттардың топырақтың қоректік түзіміне және картоп пен көкөністік тамыржемістілердің (сәбіз, қызылша) өнімділігі зерттелді. Ғылыми зерттеулер «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» ЖШС қарасты «Қайнар» аумақтық филиалының тәжірибе стационарында жүргізілді. Зерттеулерде агрохимиялық зерттеулер әдістемесі, көкөніс және бақша шаруашылығындағы танаптық тәжірибе әдістемесі, көкөніс шаруашылығындағы танаптық тәжірибе әдістемесі және «Беларусь Республикасында дәстүрлі егіншіліктен биоорганикалық егіншілікке ауысу» әдістемелік ұсынымдары қолданылды. Биоорганикалық тыңайтқыштардың әртүрлі түрлерінің топырақтың қоректік түзіміне оң әсері анықталды: онда азоттың, фосфордың және калийдың жылжымалы қоры артты. Биоорганикалық тыңайтқыштарды топыраққа енгізгенде картоптың өнімділігі 17,4-87,5 %, сәбіздің өнімділігі 12,8-38,3 %, асханалық қызылша өнімділігі 14,0-46,2 % артты. Биоорганикалық тыңайтқыштар өнімнің сапасына нитрат бойынша теріс әсер еткен жоқ. Түйнектердегі нитраттардың мөлшері 65-215 мг/кг аралығында болды, ал олардың рұқсат етілген шекті деңгейі 250 мг/кг құрайды. Биоорганикалық тыңайтқыштармен өсірілген сәбіз тамыржемістерінде 47-136 мг/кг нитраттар жинақталды (шекті деңгей - 400 мг/кг), қызылша тамыржемістерінде 132-429 мг/кг нитраттар жинақталды (шекті деңгей - 1400 мг/кг).
Тірек сөздер
Авторлар туралы
Н. У. БудановҚазақстан
050010, Алматы қ., Абай даңғылы, 8
Т. Е. Айтбаев
Қазақстан
050060, Алматы қ., Гагарин даңғылы, 238/5
Н. А. Барлыкова
Қазақстан
050010, Алматы қ., Абай даңғылы, 8
Әдебиет тізімі
1. Официальные статистические данные от Комитета по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан [Электронный ресурс] Режим доступа: http://www.stat.gov.kz, свободный.
2. Григорук В.В. Органическая продукция сельского хозяйства: мировой опыт, потенциал производства, емкость рынка, эффективность: ТОО «Издательство LEM», 2014. - С. 154-166.
3. Григорук В.В., Климов Е.В. Развитие органического сельского хозяйства в мире и Казахстане/под общ. ред. Х. Муминджанова. - Анкара, 2016. - 152 с.
4. Сапаров А.С. Плодородие почвы и продуктивность культур. - Алматы, 2006. - 244 с.
5. Чекмарев П.А., Лукин С.В. Система удобрения в условиях биологизации земледелия// Достижения науки и техники АПК. - 2012. - №12. - С. 10-12.
6. Теучеж А.А. Разработка технологического регламента при подготовке к использованию навоза крупного рогатого скота в качестве органического удобрения// Матер. V междунар. науч.-эколог.конф// КубГАУ. - 2017. - С. 782-788.
7. Теучеж А.А. Применение птичьего помета в качестве органического удобрения// Научный журнал КубГАУ. - №128 (04). - 2017. - С. 1-3.
8. Свиридова Л.Л., Косульникова Т.Л. Применение различных режимов орошения и доз органо-минеральных удобрений при возделывании картофеля в условиях Северного Прикаспия// Вестник Белорусской Государственной сельскохозяйственной академии. - 2007. - № 2. - С. 72-75.
9. Шалагинова Л.И., Федотов И.А., Хвоина Т.Ю., Регер А.И., Стрельцова Т.В. Действие биогумуса и торфогуминного удобрения Теллуро-Био на формирование урожая корнеплодов моркови в условиях пригородной зоны Барнаула// Современное состояния и перспективы развития овощеводства и картофелеводства. - Барнаул, 2007. - С. 449-453.
10. Aitbayeva A. T. et al. Effect of biological and organic fertilizers on growth processes, productivity and quality of melon fruits under Southeastern Kazakhstan// IOP Conference Series: Earth and Environmental Science. – IOP Publishing, 2022. – Т. 1043. – №. 1. – С. 012048.
11. Методика опытного дела в овощеводстве и бахчеводстве/ под ред. В.Ф. Белика. – М.: ВО «Агропромиздат», 1992. – 320 с.
12. Юдин Ф.А. Методика агрохимических исследований. – М., 1980. – 272 с.
13. Литвинов С.С. Методика полевого опыта в овощеводстве. - М., 2011. - 11 c.
14. Довбан К.И., Яцухно В.М., Соколов Г.А., Гракун В.В., Логвинович Д.П. Переход от традиционного к биоорганическому земледелию в Республике Беларусь (Методические рекомендации). - Litres, 2017.
15. Доспехов Б.А. Методика полевого опыта. – М.: «Колос», 1985. – 420 с.
16. Лихоманова Л.М. Содержание нитратов в растениях в зависимости от минерального питания и прогноз качества столовой свеклы // Почвы Западной Сибири, их мелиорация и эффективность удобрений. - Омск, 1980. - С. 58-61.
17. Опополь Н.И., Добрянская Е.В. Нитраты. - Кишинев, 1986. - 115 с.
18. Покровская С. Пути снижения содержания нитратов в овощах. - М.:, 1988. - 61 с.
19. Федотов И.А., Шалагинова Л.И., Хвоина Т.Ю., Стрельцова Т.В., Антонова О.И. Накопление нитратов в корнеплодах моркови при внесении удобрений // Современное состояние и перспективы развития овощеводства и картофелеводства. - Барнаул, 2007. - С. 271-276.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Буданов Н.У., Айтбаев Т.Е., Барлыкова Н.А. Қазақстанның оңтүстік-шығысы жағдайында биоорганикалық тыңайтқыштардың картоп және көкөністік тамыржемістілердің өнімділігіне әсері. Топырақтану және агрохимия. 2023;(3):67-83. https://doi.org/10.51886/1999-740X_2023_3_67
For citation:
Budanov N.U., Аitbayev Т.Е., Barlykova N.A. The effect of bio-organic fertilizers the productivity of potatoes and vegetable root crops in the conditions of the south-east of Kazakhstan. Soil Science and Agrichemistry. 2023;(3):67-83. (In Russ.) https://doi.org/10.51886/1999-740X_2023_3_67