ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛЕТІН ТОПЫРАҚТАРДА ЦЕЗАЛЬПИНИЯ МЕН ЖАБАЙЫ АНАРДЫҢ ӨНІМДІЛІГІ МЕН ДАМУ ФАЗАЛАРЫН ЗЕРТТЕУ
https://doi.org/10.51886/1999-740X_2021_1_57
Аннотация
Ластанған жерлерді тиімді пайдалану үшін, осы жерлердің тұздануын алдын-алу мақсатында рекультивациялық және мелиорациялық іс-шаралар жүргізу қажет. Әзірбайжанда мұнай өндіруге байланысты, қазіргі уақытта 10 мың гектар жер қалпына келтіру бойынша шұғыл шараларды қажет етеді. Абшерон түбегінде қалыптасқан жағдай сын көтермейді, өйткені табиғатты қорғау шаралар жүргізілмегендіктен, ластанған жерлердің ауқымды учаскелері пайда болды, олар есепке алу және картаға түсіру кезінде, ластанған жер ретінде көрсетіледі. Бұл аумақтар мұнай өнімдерінің қалыңдығы мен жайғасу тереңдігімен ерекшеленеді. Топырақтың битумдалуы мұнайды өндіру нәтижесінде атқылау мен төгілуі кезінде де жүреді. Өсімдіктердің (жабайы анар мен цезальпиния) шикі мұнайға төзімділігін зерттеу үшін, жасанды түрде ластанған Абшерон түбегінің қалпына келтірілген сұр-қоңыр құмдақ топырақтарында тәжірибелер қойылды. Алынған мәліметтер нәтижесінде, Абшерон түбегіндегі мұнай өнімдерімен ластанған топырақтарда жабайы анардың дамуы әлсіз және өнімділігі төмен екендігі анықталды. Жеке ластану пайызы бар топырақтарда оң нәтиже алу мүмкін емес екендігі көрсетілген. Сондай-ақ, тәжірибе барысында цезальпиния өсімдіктері осы түбектің топырақтарына тән және оларды 5 % - ға дейін мұнаймен ластанған топырақтарда өсіруге болатындығы анықталды.
Автор туралы
Ф. А. СадыговӘзербайжан
Аз.1073 Баку, М. Рагима көш.5
Әдебиет тізімі
1. Aslanov G. Safarli Oil-rich soils of Azerbaijan their reclamation and development. – Baku, - 2008. - P. 193.
2. Ismailov N.M. Cleaning of oil-contaminated lands and sludge. – Baku, 2007. - P. 168.
3. Mammadov G.Sh. Socio-economic and ecological bases of rational use of soil in Azerbaijan. - Baku Elm, 2007. 281 p.
4. Yagubov G.Sh. Genetic features of technogenically disturbed lands and ways of their reclamation. – Baku, 2003. 203 p.
Рецензия
Дәйектеу үшін:
Садыгов Ф.А. ҚАЛПЫНА КЕЛТІРІЛЕТІН ТОПЫРАҚТАРДА ЦЕЗАЛЬПИНИЯ МЕН ЖАБАЙЫ АНАРДЫҢ ӨНІМДІЛІГІ МЕН ДАМУ ФАЗАЛАРЫН ЗЕРТТЕУ. Топырақтану және агрохимия. 2021;(1):57-63. https://doi.org/10.51886/1999-740X_2021_1_57
For citation:
Sadiqov F.A. STUDY OF YIELD AND DEVELOPMENT PHASES OF SESALPINIA AND WILD POMEGRANATE ON RECREATED SOILS. Soil Science and Agrichemistry. 2021;(1):57-63. https://doi.org/10.51886/1999-740X_2021_1_57