Авторларға арналған ережелер
1 «Топырақтану және агрохимия» ғылыми журналында бірегей теориялық, проблемалық, эксперименттік және әдістемелік мақалалар, сондай-ақ журналдың бейініне сәйкес келетін талдамалық шолулар.
2 Мақалада автордың (авторлардың) өзінің тұжырымдары, эксперименттік немесе талдамалық қызметтің (бұрын жарияланбаған және жаңалығы бар авторлық әзірлемелер, ұсыныстар және т.б.), ғылыми зерттеудің аралық немесе түпкілікті нәтижелері жазылуы тиіс.
3 Мақалаларға жұмыс жүргiзiлген мекеменiң жариялауға арналған ресми хаты және авторлардың ата тегі қоса берiлуге тиiс.
4 Авторлар туралы мәліметтер: толық аты, ұйым, ел атауы, басты авторды көрсете отырып мақаланың барлық авторларының мекен-жайлары. Авторлар тұрақты белсенді сандық идентификаторды (ORCID) немесе институционалдық профильдерге сілтемені ұсынады. Бұл жағдайда хат алмасу жүргiзiлуге тиiс автордың тегi, аты, әкесiнiң аты, оның электронды мекен-жайы, байланыс телефонының нөмiрi көрсетiлуi тиiс.
5 Ғылыми мақалалардың көлемі 10-12 бет (кестелерді, сүреттерді, диаграммаларды қоса алғанда), шолу – 15 беттен аспауы тиіс.
6 Ғылыми мақалаларды қабылдау автор жүйеде тіркелгеннен кейін журналдың сайтында жүзеге асырылады: https://journal.soil.kz/jour/index. Жүктелгеннен кейін мақала халықаралық мәліметтер базасы бойынша «Антиплагиат» лицензиялық жүйесінде тексеріледі. Мақалаларды рецензиялау жүйеде соқыр рецензиялауды қолдана отырып жүргізіледі. Мақаланы тіркеу және журнал редакциясына жіберу алгоритмдері автордың жеке кабинетінде орналасқан.
7 Мақала MS Word мәтіндік редакторында терілуі керек, Times New Roman шрифті, шрифт өлшемі 11 пт., жоларалық интервал 1, абзац шегінісі 10 мм; жиектері: сол және оң жақта - 30 мм, жоғарғы және төменгі жағында - 35 мм.
8 Мақаланың басы үлгі бойынша рәсімделеді: сол жағына ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік рубрикаторы (ҒТАМР) немесе ғылыми-техникалық ақпараттың халықаралық рубрикторы (ҒТАХР). Содан кейін авторлар туралы ақпарат беріледі: авторлардың аты-жөні, мекеме атаулары (автордың (авторлардың) негізгі жұмыс орны және зерттеу жүргізілген ұйым (дар), жарияланымның барлық авторларының мекен-жайы, оның ішінде негізгі авторды көрсете отырып, қаласы, елі, электрондық пошта мекен-жайы).
9 Мақаланың атауында, барлық деңгейдегі тақырыптарда, кестелер мен суреттердің атауларында тасымалдауға рұқсат етілмейді. Тасымалдау тек мақала мәтініндегі сөздерге ғана рұқсат етіледі.
10 Ғылыми мақаланың құрылымы: АТАУЫ, ТҮЙІН, ТҮЙІНДІ СӨЗДЕР (КІЛТТІ СӨЗДЕР), КІРІСПЕ, МАТЕРИАЛДАР МЕН ӘДІСТЕР, НӘТИЖЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛҚЫЛАУ, ҚОРЫТЫНДЫ немесе ТҰЖЫРЫМДАР, РИЗАШЫЛЫҚ немесе АЛҒЫС БІЛДІРУ (ҚАЖЕТ БОЛҒАН ЖАҒДАЙДА), ҚАРЖЫЛАНДЫРУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ (БАР БОЛСА), ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
Әдістемені сипаттағанда, алынған нәтижелерді талқылағанда және тұжырымдарда өткен шақтағы етістіктерді қолдану керек.
11 Мақаланың тақырыбы, АТАУЫ оның мазмұнын толық көрсетуі керек. Мақалалар барынша жете редакцияланған болуы керек.
12 ТҮЙІН (300 сөзге дейін) негізгі тақырыптың сипаттамасын, ғылыми мақаланың проблемаларын, жұмыстың мақсаты мен нәтижелерін қамтуы тиіс. Ол мыналарды қамтымауы керек: жалпыға мәлім ережелер, дәйексөздер, қысқартулар, сілтемелер, артық қыстырма сөз тіркестері. Түйіннен кейін мақала жазылған тілде ТҮЙІНДІ СӨЗДЕРДІ келтіру керек. Мақаланың мазмұнын сипаттайтын бірнеше негізгі ұғымдар (5-7 сөз).
Сонымен қатар, бұл мәліметтердің барлығы қазақ (ТҮЙІН) және ағылшын (SUMMARY) тілдерінде (егер мақала қазақ тілінде болса, орыс тілінде РЕЗЮМЕ) қолжазбаның соңында түйінді сөздермен жеке бетте ұсынылады.
Түйін мен түйінді (кілтті) сөздер MS Word мәтіндік редакторында, Times New Roman шрифтінде, шрифт өлшемі 10 пт., жоларалық интервал 1 болуы керек. Бұдан әрі мақала мәтіні орналастырылады. Мәтінде сөздің астын сызуға рұқсат етілмейді.
13 КІРІСПЕДЕ мәселенің қазіргі ғылыми және практикалық жағдайы, осы зерттеуді жүргізу қажеттілігінің негіздемесі, зерттеудің өзектілігі, жаңалығы мен мақсаты нақты баяндалуы тиіс.
14 МАТЕРИАЛДАР (нысан) және ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ мынадай мәліметтерді қамтуы тиіс:
- агрохимиялық, физикохимиялық, агрофизикалық, биологиялық және басқа да көрсеткіштерді көрсететін топырақ сипаттамалары, сондай-ақ оларды анықтау әдістері және қолданылатын нормативтік құжаттар (мысалы, МЕМСТ, ИСО);
- өсiмдiктердiң өсiп-өну жағдайлары, оның iшiнде агротехникалық әдістер, климаттық жағдайлар, егiс схемалары және күтiм;
- өсірілетін өсімдіктердің сорттары/будандары (нақты атаулары, оригинаторы),
- учаскелердің координаталарын, экспедициялық сынамаларды іріктеу маршруттарын, нұсқаларды орналастыру схемаларын, қайталаулар санын, эксперименттік учаскелердің ауданын қоса алғанда, далалық тәжірибелер туралы мәліметтер;
- өлшеулер жүргізілген аспаптарды (атауын, моделін, дайындаушыны көрсете отырып), зертханаларды көрсете отырып, топырақ пен өсімдіктердің қасиеттерін анықтау үшін қолданылатын аналитикалық әдістерді сипаттау;
- бағдарламалық қамтамасыз етуді (R, SPSS, Statistica және т.б.) көрсете отырып, деректерді статистикалық өңдеудің қолданбалы әдістері (мысалы, ANOVA, LSD, t-test және т.б.).
15 НӘТИЖЕЛЕРДІ баяндау кестелер мен сызбалардан келесі заңдылықтарды анықтаудан тұруы керек. НӘТИЖЕЛЕРДІ ТАЛҚЫЛАУ кезінде алынған ақпаратты әдебиеттегі ақпаратпен салыстырып, оның жаңалығы қандай екенін көрсету керек.
Кестелер мен мәтіндегі эксперименттік мәліметтер үш таңбалы сандармен, ал пайыздар екі таңбалы сандармен ұсынылуы керек. Мақалада статистикалық өңдеу әдістері көрсетілуі керек. Статистикалық қателіктердің барлық түрлері, сол жақтағы бірінші нөлдік емес саннан бастап екі таңбалы саннан аспауы керек.
16 Мақалада физикалық бірліктер мен Халықаралық бірліктер жүйесінде (СИ) қабылданған белгілер (МЕМСТ 9867-61) қолданылу керек. Барлық агрохимиялық және экологиялық терминдер МЕМСТ сәйкес болуы қажет. Есептеу жұмыстарында пайдаланылған бағдарламалардың авторларын көрсету керек. Әртүрлі қосылыстарды атаған кезде ИЮПАК терминологиясын пайдаланған жөн. Географиялық атаулардың транскрипциясы соңғы жылдары басылып шыққан атласқа сәйкес келуі тиіс. Өсімдіктердің түрлік құрамын сипаттау кезінде орыс және латын атауларын беру қажет.
17 Барлық қысқартылған сөздер толық жазылуы тиіс, жалпы қолданыстағы аз ғана бөлігін қоспағанда. Мәтінде сілтеме жасалған формулалар нөмірлеуі керек.
18 Сандық материалдың рәсімделуі келесі ережелерге сәйкес келуі керек:
- сандық материал кесте түрінде берілуі керек;
- кестелер мәтінінде кездесетін реті бойынша араб цифрларымен нөмірленеді, реттік нөмірден кейін кестенің атауы жазылуы тиіс;
- кестелердегі барлық бағандарда тақырыптар болуы керек.
- кестелерде сөздерді қысқартуға болмайды;
- мақалада кестелер саны бестен аспауы тиіс;
- мақаладағы кестелер мен графиктерде бір мәліметтер қайта қайталанбау керек;
- кестелік мәліметтерді әдістің дәлдігіне сәйкес келетін дәлдікпен келтіру қажет.
19 Суреттердің түпнұсқалары gif форматындағы файлдар болуы керек, сапалы басып шығару үшін стандарт - 300 dpi (дюймдегі нүктелер).Суреттерді (диаграммаларды және т.б.) қара-ақ штрихпен, нүктелермен немесе басқа да өрнектермен, ал түстер - айқын (карталар, картограммалар және т.б.) толтырылып орындалуы тиіс. Мәтінде орналасқан суреттер, егер олар жеке элементтерден жасалған болса, топтастырылуы тиіс.
20 ҚОРЫТЫНДЫ (немесе ТҰЖЫРЫМДАР) нақты болуы тиіс және тікелей алынған материалдармен байланысуы керек.
21 РИЗАШЫЛЫҚ немесе АЛҒЫС БІЛДІРУ бөлімінде (қажет болған жағдайда) мақаланы жасауға зияткерлік үлес қосқан (олардың рөлін немесе үлесін сипаттай отырып), алайда, оларды авторлар қатарына қосу жеткіліксіз болған адамдар аталуы мүмкін; техникалық көмек көрсеткені үшін ризашылық білдіру; ұсынылған қаржылық және материалдық қолдау үшін оның сипатын және т.б. көрсете отырып алғыс айту.
22 Мәтіндегі қолданылған әдебиеттерге барлық сілтемелер (бірінші автордың немесе екеуінің тегі көрсетіледі, егер екеуі болса) түпнұсқа тілінде беріледі (латын әліпбиін қолданбайтын жапон, қытай және басқа тілдердегі фамилиялар мен атаулар орыс транскрипциясында жазылады) және нөмірленеді. Мәтіндегі сілтеме нөмірлері қатаң түрде қолданылу ретімен жүруі тиіс және тік жақшаға алынуы керек. Барлық библиографиялық көздер үшін барлық авторлардың тегі, аты-жөні және қолданылған жұмыстың толық атауы, қаласы, баспасы, шыққан жылы, нөмірі (шығарылымы), беттері келтіріледі.
Бастапқы тілдегі СІЛТЕМЕЛЕР МЕМСТ 7.1-2003 «Библиографиялық жазба. Библиографиялық сипаттама. Жалпы талаптар және жасау қағидалары» сәйкес жасалады.
REFERENCES. Кирилл әліпбиін қолданатын тілдегі дереккөздерге сілтемелер МЕМСТ 7.79-2000 «Кириллицаны латын әліпбиіне көшіру ережесі» сайкес латын әріптерімен транслитерациялануы тиіс.
23 Редакциялық алқа мақаланы түзетуге және қайта қарауға жіберген кезде авторға 10 күндік мерзім беріледі, содан кейін автор қайтарған мақала жаңасы ретінде қаралады. Қабылданбаған мақалалар авторларға қайтарылмайды.
24 Редакция алқасы плагиат, деректердің бұрмалануы немесе басылымдардың қайталануы, бұрын жарияланған деректер бар мақалаларды қабылдамайды.
25 Мақаланың соңында барлық авторлар туралы мәліметтер (тегі, аты және әкесінің аты – толық), лауазымы, жұмыс орны (кафедра, зертхана және т.б.), ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (бар болса), ORCID ID, электрондық поштасы беріледі.
БИБЛИОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТТАМАНЫ РӘСІМДЕУ МЫСАЛДАРЫ
Бір автордың кітабы:
Ахметов К.К. Кітап тақырыбы. - Алматы: Білім, 2015. - 320 с.
Иванов И.И. Кітап тақырыбы. - М.: Баспа, 2020. - 250 с.
Екі немесе одан да көп авторлардың кітабы:
Петров П.П., Сидоров А.А. Кітап тақырыбы. - Алматы: Наука, 2021. - 300 с.
Журналдан мақала:
Исабеков М.К. Экологические проблемы Казахстана // Вестник КазНУ. Серия экологическая. - 2020. - №3 (58). - С. 12–18.
Жинақтан мақала:
Жунусов Б.Ш. Инновационные подходы в обучении физике // Современные проблемы образования: материалы междунар. науч.-практ. конф. — Алматы: КазНПУ им. Абая, 2019. - С. 45–49.
Конференция материалдары:
Сеитов Б.Б. Инновационные технологии в образовании // Материалы Международной научной конференции. - Астана, 2021. - С. 55–58.
Интернет-ресурс:
Министерство науки и высшего образования РК. Национальный портал науки Казахстана [Электронный ресурс]. - Режим доступа: https://nauka.gov.kz - Дата обращения: 25.06.2025.
Глобальные климатические изменения [Электронный ресурс]. – Режим доступа: https://www.climate.kz – Дата обращения: 25.06.2025.
Заңнамалық материалдар:
1 Постановление Правительства Республики Казахстан. Об утверждении Концепции развития агропромышленного комплекса Республики Казахстан на 2021-2030 годы: утв. 30 декабря 2021 года, № 960.
2 Национальный план развития Республики Казахстан до 2029 года: утв. Указом Президента Республики Казахстан от 30 июля 2024 года, № 611// https://adilet.zan.kz/rus/docs/U2400000611
3 Республика Казахстан. Закон РК. О науке и технологической политике: принят 01 июля 2024 года № 103-VIII
4 Экологический кодекс Республики Казахстан. Кодекс Республики Казахстан от 2 января 2021 года № 400-VI ЗРК.
5 Стратегический план развития Республики Казахстан до 2025 года: утв. Указом Президента Республики Казахстан от 15 февраля 2018 года № 636, // https://online.zakon.kz/Document/?docid=38490966&ysclid=mcbp0pwc86442858565
Өнертабыс патенті:
Иванов И.И., Петров П.П. Способ получения биологически активного вещества: пат. № 1234567 РК. № заявл. 2001012345; заявл. 01.02.2001; опубл. 01.03.2002. Бюл. № 3.
Пайдалы модель патенті:
Сидоров А.А. Устройство для очистки воды: пат. на пол. модель № 7654321 РК; заявл. 12 10.2019; опубл. 20.12.2020. Бюл. № 24.
Халықаралық патент (мысалы, ДЗМҰ):
1 Smith J. Method for water purification: Int. pat. WO 2018123456 A1; filed 12.03.2018; publ. 21.09.2018.
2 Пат. 2187888 Российская Федерация, МПК 7 Н 04 В 1/38, Н 04 J 13/00. Приемопередающие устройства / Чугаева В.И.; заявитель и патентообладатель Воронеж. науч.-исслед. ин-т связи. – № 200131736/09; заявл. 18.12.00; опубл. 22.08.02, Бюл. № 23 (II ч.). – 3 с.
Газеттер:
1 Ахметов А.Б. Новые технологии в сельском хозяйстве // Казахстанская правда. - 2024. - № 45 (15 марта). - С. 3.
2 В Алматы прошел форум экологов // Литер. - 2023. - № 72 (21 июня). - С. 2.
3 Сергеев В.Ю. Почвы и климат: проблемы адаптации // Айқын. Наука и образование. - 2022. - № 18 (12 апреля). - С. 5.
4 Исабаева Л.М. Реформы в образовании // Егемен Қазақстан. - 2024. - 20 февраля. - С. 4.
5 Нуртаев Е. Новые проекты в Астане // Время. - 2023. - № 34 (5 мая). - С. 1. - URL: https://www.time.kz/articles/news/2023/05/05 (дата обращения: 25.06.2025).
Ғылыми зерттеу жұмыстардың есептері:
1 Жалғыз авторы:
Иванов И.И. Разработка методов мониторинга засоления почв: отчет о НИР / КазНИИпочвоведения. – Алматы, 2021. – 75 с.
2 Бірнеше автор:
Петров С.В., Ахметова Ж.Б., Ли Т.А. Оценка агроэкологических условий земледелия: отчет о НИР / КазНИИземледелия. – Нур-Султан, 2020. – 112 с.
3 Кодын көрсетумен және тіркеумен:
Муратов Р.Т. Разработка критериев деградации черноземов: отчет о НИР. Шифр 02.57.21; гос. рег. № 0121РК001234 / Ин-т экологии. – Кокшетау, 2021. – 89 с.
Диссертациялар:
1 Ғылым кандидаты дәрежесіне диссертация:
Нургалиев Б.К. Агроэкологическая оценка засоленных почв юга Казахстана: дис. … канд. с.-х. наук. – Алматы, 2019. – 145 с.
2 Ғылым докторы дәрежесіне диссертация:
Ахметова Ж.Б. Биологическая активность черноземов при различном землепользовании: дис. … д-ра с.-х. наук. – Астана, 2020. – 310 с.
3 PhD дәрежесін алу үшін Диссертация:
Искакова А.Т. Влияние способов обработки почвы на углеродный баланс агроценозов: дис. … доктора PhD. – Алматы, 2022. – 128 с.
Тлеулин Е.С. Пространственная изменчивость органического вещества почв: дис. … канд. с.-х. наук / КазНИИпочвоведения. – Алматы, 2018. – 154 с. (если указана организация, где защищалась диссертация).
Сақтауға тапсырылған қолжазбалар:
1 Сатпаев Ж.К. Механизмы устойчивости растений к засолению / Деп. в ИНИОН АН СССР 12.03.1990, № 5437. – 36 с. (один автор)
2 Ахметов Т.С., Ибраева Л.М. Биологическая активность гумусовых горизонтов / Деп. в КазГосНИИИнформ 25.05.2002, № 134-К. – 42 с (несколько авторов).
3 Нургалиева С.Ш. Пространственное распределение влаги в почвах Приаралья / КазНИИпочвоведения. Деп. в РГБ 15.06.2005, № 187-В. – 51 с (с указанием учреждения).