Preview

Топырақтану және агрохимия

Кеңейтілген іздеу

Журналдың тарихы

Топырақтану және агрохимия журналы Сапаров Абдулла Сапарұлының бастамасымен құрылды. Ол Қазақстанда және шетелде топырақтану және агрохимия идеяларын таратуда ерекше рөл атқарды. 2008 жылдан 2020 жылға дейін журналдың бас редакторы болды. Журнал топырақтану және агрохимияның барлық мәселелерін жан-жақты қамтыған Қазақстан мен Орталық Азия елдеріндегі алғашқы басылым болды. Журналдың алғашқы саны 2008 жылы жарық көрді. Осы кезеңде қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде 45 нөмірге, 450-ге жуық мақала шығарылды. Журнал аймақтық, онда қазақстандық, сондай-ақ ТМД елдерінің ғалымдары мен мамандарының ғылыми еңбектері жарияланды және әлі де жариялануда.

Журналдың әрбір санында ауыл шаруашылығы салаларындағы топырақ жамылғысы мен фитоценоздардың жағдайы туралы, топырақ құнарлылығын арттыруға және экологиялық қауіпсіз бәсекеге қабілетті өнім өндіруге, сондай-ақ агроэкожүйелердің ықтимал ластануының теріс салдарларын азайтуға бағытталған шараларды әзірлеудегі топырақтанушылар, агрохимиктер мен ауыл шаруашылығы салаларындағы аграрлық және биологиялық ғылымның басқа да салалары өкілдерінің іргелі және қолданбалы зерттеулерінің нәтижелері жарияланды. «Топырақтану және агрохимия» журналы топырақ және агрохимия ғылым саласындағы ғалымдардың кең ауқымына, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мамандарына арналған.