№ 4 (2020)
ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТОПЫРАҚ ГЕНЕЗИСІ
ADONIS TIANSCHANICA LIPSCH (ADOLF) ЦЕНОПОПУЛЯЦИЯЛАРЫНЫН, ТАРАЛГАН АЙМАГЫНЫН, КА3ЫРГЫ ТОПЫРАК ЖАГДАЙЫ
К. К. Кулымбет,
Н. М. Мухитдинов,
Г. . Шрамко,
А. Б. Садуахас,
Г. Е. Ергеш,
К. М. Тыныбаева,
А. А. Тастанбекова
5-15 93
Аннотация
Мақалада Кеген асуы мен Теріскей Алатауы топырағы жамылғысының қазіргі жағдайы сипатталды. Топырақтың морфологиялық, химиялық, физикалық және физика-химиялық қасиеттері зерттелді. Зерттеу аумақтарында келесі топырақ типтері анықталды: таулы-дала зонасындағы әлсіз сілтілі қара топырақ (Кеген асуы); таулы-дала зонасындағы оңтүстік қара топырақ (Теріскей Алатауы). Аумақтың топырағындағы гумустың мөлшері (0- 10 см қабаты) жоғары қамтамасыз етілу санатына жатады (9,13 % дейін). pН мәні бойынша екі кесіндідегі топырақта сілтілі, жоғарғы қабаттары әлсіз сілтілі, ал төменгі қабаттарға қарай орта сілтілі және қатты сілтілі, олар 7,1 ден 8,4 аралығында өзгереді. Екі кесіндіде де калийдің жоғары қамтамасыз етілуі анықталды. Теріскей Алатауы топырақ кесіндісінде - салыстырмалы түрде қоректік заттармен жоғары қамтамасыз етілген. Зерттеу аумақтарынан 25 тен астам өсімдік түрлері анықталды. Олардың ішіндегі доминант түрлер: Artemisia glauca, Artemísia vulgaris, Festuca valesiaca, Dracocephalum integrifolium. Зерттеу барысында алдыңғы жылдары құрастырылған картографиялық мәліметтер қолдануы негізінде зерттеу аумығының толықтырылған, жаңа топырақ картасы сызылды.
16-24 117
Аннотация
Мақалада Алматы облысының агроөнеркәсіп кешені қалыптасуының географиялық алғышарттары мен дамытудың мәселелері және оны шешудің жолдары қарастырылды. Облыстың егістік жерлерінің пайдаланымнан шығып, топырақтың құнарлығын арттырудағы факторларлары анықталып, егістік жерлердің біраз бөлігінің жекеменшікке берілуі салдарынан көптеген шаруа қожалықтарының жерлерді игеруге әлеуетінің жетіспеушілігі, техникамен қамтамасыз ету деңгейінің төмендігі, қолданыстағы техникалардың ескіруі, шаруа қожалықтары және ғылыми мекемелер арасындағы өзара ұйымдастырылған байланыстың жоқтығы, ауыспалы егіс, яғни ғылыми негізде егіс танаптарында белгілі уақыт аралығында алмасып отырмауы мен шаруа қожалықтары иелеріне жер ресурстарын пайдалануда отандық және әлемдік технологияны қолдану жөніндегі мәселелер қарастырылған. Сонымен қатар агроөнеркәсіптік кешеннің даму тенденциялары Алматы облысы мысалында талқыланды. Ауылшаруашылығы дамуының негізгі көрсеткіштері талданды, облыстың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту проблемалары баяндалды.
25-35 117
Аннотация
«Оңтүстік» агропарк аумағындағы топырақтың морфологиялық, химиялық және физикалық-химиялық қасиеттерін зерттеу негізінде топыраққа толық зерттеулері жүргізілді. Қашықтықтан зондтау материалдарын қолдана отырып 1: 25000 масштабта, аумағы 4800 га болатын «Оңтүстік» агропарк аумағының топырақ картасы жасалынды.
Деградация және топырақты қорғау
36-48 125
Аннотация
Мақалада Қазақстанның шөлейт аймағының күрең топырақтарының деградацияланған жайылымдары сипатталып, оларға жан-жақты толық баға берілген. Физикалық (топырақтық) және биологиялық (өсімдік жамылғысы) көрсеткіштері келтірілген. Шөлейт аймақтар жайылымдарының геоақпараттық мониторингі жасалған. ГАЖ технологиясы мәліметтері мен далалық зерттеулер нәтижелері арқылы шөлейт аймақтың жайылымдарының деградациялану дәрежесінің картографиялық моделі ұсынылған. Сонымен қатар, мақалада ең күрделі мәселелерді іс жүзінде шешу, жайылым аумағындағы табиғи жем-шөп ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану жөніндегі шараларды ғылыми негіздеуге және жасауға мүмкіндік берілетіндігі көрсетілген, бұл тұтастай ауылшаруашылық өндірісін нығайтуға және кеңейтуге ықпал етеді. Зерттеу нәтижелерін өндіріске енгізу республикамыздың мал шаруашылығын дамытуда жайылымдық жерлерді тиімді қолдану мен оларды қалпына келтіруде, жақсартуда үлкен негіз болып табылады.
Топырақ құнарлылығы
49-56 81
Аннотация
Мақалада Іле Алатауы тау алды жазығының шалғынды сортаңдарын ұзақ мерзімді мелиорациялаудан кейінгі нәтижелері келтірілген. Тепе-теңдік, статистикалық талдау әдістері және зерттеулер мен болжамдарды бақылауды қолдану негізінде мелиорацияланған топырақтардың су-тұз және қоректік құбылымдарының қалыптасу ерекшеліктері зерттелді, топырақтың мелиоративтік құбылымдарының қалыптасуына әсер ететін жекелеген мелиоративтік көрсеткіштер мен факторлар арасындағы тәуелділік анықталды. Топырақ түзілу процестеріне агромелиорациялық шаралардың экологиялық тиімділігіне ғылыми негізделген баға берілді. Қазіргі уақытта тұрақты инженерлік-мелиоративтік мониторинг жүргізуді қамту орынды, яғни оңтайлы мелиоративтік құбылымдарды және табиғи ортаны қорғауды қамтамасыз ететін тұрақты бақылау жүйелері, мелиорацияланған жерлердің экологиялық жағдайларын бағалау және болжау қажет.
Топырақ биологиясы
57-66 90
Аннотация
Әр типке және қара-қоңыр топыраққа сәйкес келетін қарашіріктің жалпы мөлшерінің кескін бойынша таралуы зерттелді; қарашіріктің максималды мөлшері - 3,68%. Топырақтағы қарашіріктің мөлшері мен топырақ омыртқасыздарының саны арасында нақты байланыс бар екендігі анықталды. Бұл мезофаунаның жалпы құрамы туралы мәліметтерді сипаттау үшін пайдалануға мүмкіндік беретін көрсеткіш. Қарашірік мөлшері 3,68% құрайтын, қара-қоңыр топырақтардың жоғарғы қабаттарындағы қарашірік мөлшерінің топырақ мезофаунасының мөлшеріне әсері қарастырылды, топырақ мезофаунасының саны 28 түр/м2 құрады. Қара-қоңыр топырақтағы геобионттар тобының негізгі өкіл - жауын құрты (Lumbricus) болып табылады. Олардың топырақтағы жоғары мөлшері, топырақтағы қарашірік мөлшерінің жоғары және құрылымының жақсы болуымен өзара байланысты. Қоршаған ортаның химиялық құрамының, топырақтың физикалық қасиеттерінің өзгеруі организмдердің саны мен түрлік құрамының өзгеруіне әкелетіні анықталды.
Агрохимия
67-74 72
Аннотация
Мақалада топырақтағы және жаздық тритикале дәніндегі мыс, мырыш және кадмийдің мөлшері бойынша нәтижелер келтірілген. Жасыл тыңайтқыштарды минералды тыңайтқыштармен салыстыра отырып топырақтағы микроэлементтердің динамикасына әсері зерттелді және тритикале дәніне бағалау жүргізілді. Зерттеулер Солтүстік Қазақстанның оңтүстік карбонатты қара топырағы аймағында жүргізілді. Еркекшөп алғы дақылы бойынша Р40 мөлшерінде аммофос қолданылған дәстүрлі фонда және N80 мөлшерінде аммиакты селитра қолданылған органикалық фонда жасыл тыңайтқыш ретінде жоңышқа мен еркекшөптің жер үстілік биомассасы пайдаланылды. Жүргізілген зерттеулер көрсеткендей, Р40+N80 мөлшерінде тыңайтқыштарды қолдану топырақтағы мырыштың айтарлықтай жиналуына әкелмейді. Жасыл тыңайтқыштарды қолдану топырақтағы жылжымалы мырыш қосылыстарының артуына әкеледі, бұл Zn-тың «топырақ-өсімдік» жүйесінде миграциялануына ықпал етеді. Топырақтағы жылжымалы мыс мөлшері тритикаленің вегетациялық кезеңінде минералды және жасыл тыңайтқыштарды қолданған кезде өзгереді, бұл өсімдіктің өсуі үшін топырақтан белсенді шығарылуымен байланысты. 2 жыл қолдану кезінде минералды тыңайтқыштардағы кадмий қоспалары тритикале дәніндегі элементтің мөлшерін арттырады (ШРК 0,10 мг/кг болған кезде 2018 ж. - 0,07 мг/кг, 2019 ж. - 0,06 мг/кг).
75-83 82
Аннотация
Жергілікті қалдықтарды вермикультивациялау әдісімен өңдеу және оның негізінде вермикомпост (биогумус) органикалық тыңайтқышын алу технологиясы Әзірбайжан Республикасының ауыл шаруашылығы саласындағы маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Калифорния қызыл жауын құрттарының көмегімен органикалық қалдықтардан алынған вермикомпост (биогумус) ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға және экологиялық таза өнім алуға ықпал еткені анықталды, бұл ауыл шаруашылығы өндірісін экологияландыру бағдарламасын мақсатты түрде жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
84-95 74
Аннотация
Көкөніс дақылдарына (салат, брокколи қырыққабаты, үрмебұршақ) "БиоЭкоГум" биопрепаратын зерттеу жүргізілді. Биопрепаратпен өңдеуде сорттарға реакция бірдей емес екендігі анықталды. Көкөніс дақылдарының таңдаулы ерекшелігі атап өтілді. Көкөністерді өсіру кезінде биологиялық текті препараттардың әсерінен топырақтың агрофизикалық қасиеттерінің өзгерістері анықталды. Биопрепаратпен өңделген көкөніс дақылдарының өнімділігі, өсімдіктердің өсу қарқыны бойынша бақылаумен салыстырыла отырып талдау жүргізілді. Қазақстанның оңтүстік-шығысы Алматы облысында биопрепаратты пайдалану өсімдіктердің бейімделуі мен өнімділігін арттыру мақсатында перспективалы болып табылады. Зерттеулер биопрепарат өсімдіктердің өсуіне және дамуына оң әсер ете отырып, өсімдік ағзасындағы физиологиялық үрдістерді жақсартып, салаттың, брокколидің, үрмебұршақтардың иммунитеті мен төзімділігін арттырып, өнімнің өнімділігі мен сапасын арттыруға ықпал етті.
Молодые ученые
96-104 92
Аннотация
Мақалада Түркістан облысының сұрғылт-қоңыр топырақ құнарлылығының агрохимиялық көрсеткіштеріне және күздік бидай дақылы өнімділігіне тыңайтқыштардың әсерін зерттеудің 3 жылдық нәтижелері көрсетілген. Зерттеу нәтижелері бақылау нұсқасымен салыстырғанда сұрғылт-қоңыр топырақтың қоректену режиміне күкірті бар фосфор тыңайтқыштарды қолдану оң әсер еткенін көрсетті. Күздік бидай дақылының өнімділігі тыңайтқыш берілмеген бақылау нұсқасымен салыстырғанда тыңайтқышты қолданғанда едәуір өсті, қосымша өнім 40 % құрады.
ISSN 1999-740X (Print)
ISSN 2959-3433 (Online)
ISSN 2959-3433 (Online)