Preview

Топырақтану және агрохимия

Кеңейтілген іздеу

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘДІМГІ СҰР ТОПЫРАҚТАРЫНДА ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ ПИЯЗ ДАҚЫЛЫНЫҢ ФОТОСИНТЕТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ МЕН ӨНІМДІЛІГІНЕ ӘСЕРІ

https://doi.org/10.51886/1999-740X_2022_2_75

Толық мәтін:

Аннотация

Агрохимиялық зерттеулерді дамыту еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды және тиімді пайдаланудың, топырақ құнарлығын сақтау мен молайтудың, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттырудың негізі болып табылады. Тыңайтқыштарды дұрыс пайдаланбау топырақ жамылғысының бұзылуына, топырақтағы қоректік заттардың қорының сарқылуына әкелуі мүмкін. Соңғы жылдары елімізде орын алып отырған жерлердің топырақ-экологиялық және мелиоративтік жағдайының нашарлау процесі, топырақ құнарлығы мен ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігінің төмендеуі тыңайтқыштарды ұтымды пайдалануда жаңа шешімдер қабылдауды талап етеді. Бұл зерттеулерде Алматы облысының қарапайым сұр топырақтарында минералды және гуминді тыңайтқыштардың әртүрлі дозаларының пияз дақылының фотосинтетикалық көрсеткіштеріне, өнімділігіне және тыңайтқыштарды қолданудың экономикалық тиімділігіне әсері зерттелді. Алынған нәтижелер пиязшықтардың қалыптасуы фазасында өсімдіктердің құрғақ биологиялық массасы 3,15- тен 5,35 т/га-ға дейін өскенін көрсетті. Бұл кезеңде жапырақтың ауданы 34,6 - 50,8 м2/га шегінде ауытқыса, ал танаптағы дақылдың фотосинтездік потенциалы 1,073 - 1,829 млн м2/га құрады. Жалпы өнімділіктің ең жоғары көрсеткіші фосфор мен калийдің екі еселенген дозасы фонында азоттың үш еселенген дозасын қолдану нұсқасында (83,6 т/га) және органоминералды тыңайтқыш гуминді «Тумат» толық минералды тыңайтқыштардың екі еселенген дозасы фонында пайдаланған кезде (82,6 т/га) байқалды. Қосымша салыстырмалы тауарлы түсімділік бұл нұсқаларда, тиісінше 83,1 % және 82,7 % құрады. Азоттық тыңайтқыштардың тауарлық шығымдылығының артуы олардың бір реттік дозасында 20,2 %-дан үш еселенген дозасында 58,2 %-ға дейін өзгерді. Сондай-ақ, фосфордың үш еселік дозасын қолдану тауарлық өсімді қосарлы дозаны қолданумен салыстырғанда 6,2 %-ға төмендететіні, ал калий дозасының жоғарылауы тауарлық пияздың 21,2 %-дан 25,2 %-ға өсуін қамтамасыз ететіні анықталды. «Тұмат» пайдалану кезінде тауарлы өнімділіктің артуы орташа қоректендірілген фонмен салыстырғанда 5,2 %-ға, тыңайтылмаған нұсқамен салыстырғанда 16,8 %-ға өсті. Пиязға минералды және органоминералды тыңайтқыштарды қолданудың ең жоғары экономикалық тиімділігі азоттың үш еселік дозасын фосфор мен калийдің екі еселенген дозасымен (N180P100K80) бірге қолдану нұсқасында байқалды.

Авторлар туралы

Б. М. Амиров
Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылымизерттеу институты
Қазақстан

050060, Алматы қ., аль-Фараби даңғылы, 75 В



А. Т. Сейтменбетова
Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылымизерттеу институты
Қазақстан

050060, Алматы қ., аль-Фараби даңғылы, 75 В



Қ. Қ. Құлымбет
Ө.О.Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылымизерттеу институты
Қазақстан

050060, Алматы қ., аль-Фараби даңғылы, 75 В



Әдебиет тізімі

1. Афанасьев Р.А. Агрохимические аспекты точного земледелия// Проблемы агрохимии и экологии. - 2010. - № 2. - С. 38-43.

2. Нормативные показатели выноса и коэффициентов использования питательных веществ сельскохозяйственными культурами из минеральных удобрений и почвы. – М.: ЦИНАО. – 1985. - 111 с.

3. Нормативные показатели выноса и коэффициентов использования питательных веществ сельскохозяйственными культурами из минеральных удобрений и почвы. – М. - 1986. - 120 с.

4. Нормативы выноса и коэффициентов использования питательных веществ сельскохозяйственными культурами из минеральных удобрений и почвы. - М. - 1989. – 113 с.

5. Амиров Б.М., Сапаров А.С., Пономарева А.Т. Потребление и вынос питательных элементов белокочанной капустой в зависимости от доз и сроков внесения азотных удобрений // Вестник сельскохозяйственной науки Казахстана. – А. 1990. - № 1. - С. 48-51.

6. Амиров Б.М. Амирова Ж.С. Потребление питательных веществ семенными растениями столовой свеклы и влияние доз минеральных удобрений на урожайность семян// Инновационные технологии в селекции и семеноводстве сельскохозяйственных культур. Материалы международной научно-практической конференции, посвященной 125-летию со дня рождения С.И. Жегалова, 7-9 августа 2006 года. – Т.1. М.: ВНИИССОК, 2006. - С.33-36.

7. Амиров Б.М., Амирова Ж.С. Вынос питательных веществ и урожай семян столовой моркови// Современное состояние почвоведения и агрохимии, проблемы и пути их решения. Материалы международной научно-практической конференции. - А. 2015. - С. 68-69.

8. Елешев Р.Е., Сапаров Р.Е. Эффективность удобрений в различных почвенно-климатических зонах Республики Казахстан. Состояние и перспективы агрохимических исследований в Географической сети опытов с удобрениями. Материалы международной научно-методической конференции учреждений-участников Геосети России и стран СНГ, 10-11 июня 2010 года. - ВНИИА. - 2010. - С. 24-29.

9. Сапаров А.С. Проблемы почвенно-агрохимической науки Казахстана и пути их решения// Совершенствование программы и методов агрохимических исследований. Материалы 8-го симпозиума ученых и агроэкологов «Агрохимэкосодружества». – Белгород. - 2013. - С. 330-349.

10. Елешев Р.Е., Сапаров А.С., Айтбаев Т.Е., Черненок В.Г., Филонов В.М., Сапаров Г.А., Шарыпова Т.М. Состояние плодородия почв Казахстана и продуктивность культур в длительных опытах с удобрениями// Динамика показателей плодородия почв и комплекс мер по их регулированию при длительном применении систем удобрения в разных почвенно-климатических зонах. Материалы международной научной конференции. 16-17 апреля 2018 года. - М. - 2018. - С. 87-96.

11. Ермохин Ю.И. Почвенно-растительная оперативная диагностика «ПРОДОмСХИ» минерального питания, эффективности удобрений, величины и качества урожая сельскохозяйственных культур: монография. – Омск: ОмГАУ. - 1995. - 208 с.

12. Ермохин Ю.И., Бобренко И.А. Комплексная диагностика минерального питания растений сорговых культур// Электронный научно-методический журнал Омского ГАУ. - 2017. - №3 (10) июль - сентябрь. - С. 1-14.

13. Аринушкина Е.П. Руководство по химическому анализу почв. - М.: МГУ. 1977. - 489 с.

14. Александрова Л.Н., Найденова О.А. Лабораторно-практические занятия по почвоведению. – Л.: Агропромиздат, 1986. - 295 с.

15. Ничипорович A.A., Строганова JI.E, Чмора С.Н. Фотосинтетическая деятельность растений в посевах (методы и задачи учета в связи с формированием урожаев). - М.: АН СССР, 1961. - 133 с.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Амиров Б.М., Сейтменбетова А.Т., Құлымбет Қ.Қ. АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ КӘДІМГІ СҰР ТОПЫРАҚТАРЫНДА ТЫҢАЙТҚЫШТАРДЫҢ ПИЯЗ ДАҚЫЛЫНЫҢ ФОТОСИНТЕТИКАЛЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ МЕН ӨНІМДІЛІГІНЕ ӘСЕРІ. Топырақтану және агрохимия. 2022;(2):75-87. https://doi.org/10.51886/1999-740X_2022_2_75

For citation:


Amirov B.M., Seitmenbetova A.T., Kulymbet K.K. INFLUENCE OF FERTILIZERS ON PHOTOSYNTHETIC INDICATORS AND YIELD OF ONIONS ON ORDINARY GRAY SOILS OF ALMATY REGION. Soil Science and Agrichemistry. 2022;(2):75-87. (In Russ.) https://doi.org/10.51886/1999-740X_2022_2_75

Қараулар: 150


ISSN 1999-740X (Print)
ISSN 2959-3433 (Online)