Preview

Топырақтану және агрохимия

Кеңейтілген іздеу

ҚАЗАҚСТАН ШӨЛ ЗОНАСЫ СОЛТҮСТІК-БАЛҚАШ ПРОВИНЦИЯСЫ ТОПЫРАҚТАРЫНЫҢ МОРФОГЕНЕТИКАЛЫҚ СИПАТТАРЫ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ, ФИЗИКО-ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ

https://doi.org/10.51886/1999-740X_2022_1_16

Толық мәтін:

Аңдатпа

Орта шөлдің топырақ жамылғысының негізгі типтері сұр-қоңыр және сор топырақтарында жүргізілген зерттеу нәтижелері гранулометриялық құрамдары бойынша құмды, құмайт және жеңіл құмбалшықты әртүрліліктерінен тұратын топырақтар екені анықталды. Гумусты қабаттың (А+В1) қалыңдылығы сұр-қоңыр құмды топырақтар 38 см тереңдікке дейін қалыптасқан. Жоғарғы 0-18 см қабатты гумус мөлшері 1,54 %-ды құрайды, ауыспалы В1 қабатында 0,52 %, кескін бойы төмен қарай тереңдеген сайын гумус мөлщері біртіндеп азайып аналық тау жынысында 0,16 %-ға азайады. Осындай заңдылық кескін бойында гумустың таралуында сұр-қоңыр құмайтты және сор топырақтарда да орын алатыны белгілі болды. Топырақтардың кескіндерінде басым фракция болып орташа құм орын алған, оның мөлшері сұр-қоңыр құмды топырақта 83,06-дан 91,96 %-ға дейін кездеседі, құмайт сұр-қоңыр және сор топырақта 78,57-82,20 % және 37,55-74,55 % мөлшерінде орташа құм орын алған. Құмды сұр-қоңыр топырақтың А қабатында физикалық балшықтың мөлшері 9,02 % болса, 61 см-ден бастап (ВС қабаты) физикалық балшықтың мөлшері аналық тау жынысында (93-132 см) байланысқан құмға дейін төмендейді (5,41-5,57 %). Зоналдық топырақтардың жылжымалы фосформен қамтамасыз етілуі өте төмен, алмаспалы калиймен – өте жақсы және жақсы, ал сор топырақтың қоректік элементтермен қамтамасыз етілуі – өте төмен. Беткі А қабатта алмаспалы катиондардың сиымдылығы гранулометриялық құрамдарына және гумус мөлшеріне сәйкес 7,06-13,13 және 12,86 мг/экв аралығында ауытқиды, барлық топырақтардың ВС және С қабаттарында топырақтардың ерекшеліктеріне сәйкес сіңіру сиымдылығының төмендеи тіні байқалады. Сіңген негіздердің құрамында кальций катионы басым, оның ТСК ауытқуы құмды топырақта 66,28-74,46 % аралығында, құмайтты топырақта 53,10- 56,09 %. Сор топырақтың ВС және С қабаттарында 58 см тереңдікте магнийдің үлесі жоғарлауы кездеседі, бұл көрініс ТСК алмаспалы натрийдің көбейуімен байланысты деп тұжырымдаймыз. Карбонаттардың аз мөлшері құмды топырақта, ал максималды шоғырлануы сор топырақ кескінінде орын алады. Топырақ кескіндерінде гидроморфтық белгілер құмды топырақта 61 см тереңдіктен, құмайтта – 25 см, сор топырақта – 33 см-ден кездеседі. 

Авторлар туралы

Қ. М. Мұхаметкәрімов
Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты
Қазақстан

 050060, Алматы, әл-Фараби даңғылы, 75 В



С. О. Кенжеғұлова
С. Сейфуллин атындағы Казақ агротехникалық университеті
Қазақстан

010000, Нур-Сұлтан қ., Женис 62 д-лы



Әдебиет тізімі

1. Фаизов К.Ш., Уразалиев Р.А., Иорганский А.И. Почвы Республики Казахстан. - А., 2001. – 327 с.

2. Полевой определитель почв / Под редакцией Н.И. Полупана. и др. – К.: Урожаи , 1981. – 320 с.

3. Розанов Б.Г. Морфология почв: учеб. для студ. вузов по спец. Почвоведение/ Б.Г. Розанов; Моск. гос. ун-т им. М.В. Ломоносова. – М.: Академическии Проект, 2004. – 431 с.

4. Семендяева Н.В. Изучение почв в поле: Учеб.–метод. пособие/ Н.В. Семендяева, Л.П. Галеева, А.Н. Мармулев; Новосиб. гос. аграр. ун-т. – Новосибирск, 2006. – 53 с.

5. Аринушкина Е.В. Руководство по химическому анализу почв. - М.: МГУ, 1962. - 491 с.

6. Александрова Л.Н. Лабораторно-практические занятия по почвоведению. - Л.: Агропромиздат, 1986. – 295 с.

7. Усков У.У., Фаизов К.Ш. Географо-генетические особенности бурых пустынных почв Казахстана// Проблема освоения пустынь. – 1977. - № 3. - С. 18-26.

8. Аболин Р.И. От пустынных степей Прибалхашья до снежных вершин Хан-Тенгри/ Тр. инс. почвоведения и геоботан. - САГУ, 1930. – Вып. 5. - С. 42-49.

9. Фаизов К.Ш. Почвы пустынной зоны Казахстана. - А., 1980. – С. 85-94.

10. Стороженко Д.М. Почвы ССР. Почвы Карагандинской области. - Алма-Ата, 1967. - Вып. 8. – С. 329.

11. Стороженко Д.М. Почвы мелкосопочника центрального Казахстана. - Алма-Ата, 1952. - 125 с.

12. Мамутов Ж.У., Мамонтов В.Г., Есимбеков М.Б. и др. Интерпретация данных водной вытяжки из засоленных почв. - Алматы: Полиграфия–Сервис К, 2011. – 75 с.

13. Кауричев И.С., Панов Н.П., Розов Н.Н. и др. Почвоведение/ под ред. И.С. Кауричева. – 4-е изд., перераб. и. доп. – М.: Агропромиздат, 1989. – 719 с.

14. Тайжанов Ш.Т., Амралин А.О., Кошкаров Н.Б. Почвоведение с основами геологии. Оқулық. - Астана: Фолиант, 2014. - 392 с.

15. Муха В.Д., Картамышев Н.И., Муха Д.В. Агропочвоведение/ Под ред. В.Д. Мухи. - М.: Колос С, 2003. - 528 с.

16. Ерохина О.Г., Пачикина К.М. и др. Антропогенная трансформация почвенного покрова северо-восточного Прикаспия// Почвоведение и агрохимия. – 2011. № 3. – С. 5-14.

17. Пермитина В.Н. Приморские почвы Бузачи и сезонная динамика их засоления// Почвоведение и агрохимия, 2012. - № 3. – С. 42-52.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Мұхаметкәрімов Қ.М., Кенжеғұлова С.О. ҚАЗАҚСТАН ШӨЛ ЗОНАСЫ СОЛТҮСТІК-БАЛҚАШ ПРОВИНЦИЯСЫ ТОПЫРАҚТАРЫНЫҢ МОРФОГЕНЕТИКАЛЫҚ СИПАТТАРЫ ЖӘНЕ ХИМИЯЛЫҚ, ФИЗИКО-ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ. Топырақтану және агрохимия. 2022;(1):16-28. https://doi.org/10.51886/1999-740X_2022_1_16

For citation:


Mukhametkarimov K.M., Kenzhegulova S.O. MORPHOGENETIC CHARACTERISTICS AND CHEMICAL, PHYSICO-CHEMICAL PROPERTIES OF THE SOILS OF THE NORTH-BALKHASH PROVINCE OF THE DESERT ZONE OF KAZAKHSTAN. Soil Science and Agrichemistry. 2022;(1):16-28. (In Russ.) https://doi.org/10.51886/1999-740X_2022_1_16

Қараулар: 362


ISSN 1999-740X (Print)
ISSN 2959-3433 (Online)