Preview

Топырақтану және агрохимия

Кеңейтілген іздеу

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ МЕЛИОРАТИВТІК ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУДЫҢ ҚАРҚЫНДЫ ӘДІСТЕРІ

https://doi.org/10.51886/1999-740X_2021_3_17

Толық мәтін:

Аннотация

Бұл мақалада Түркістан облысы жағдайында суармалы орташа тұзданған жерлерді тегістеу әдісінің тиімділік нәтижелері көрсетілген. Зерттеудің мақсаты - Түркістан облысының суармалы сұртопырақтарының қасиеттерінің өзгеруін, топырақты лазерлік тегістеу арқылы әсерін анықтау, сондай-ақ суармалы суды үнемдеу арқылы отандық Мақтаарал - 4017 мақта сортының жоғары және тұрақты өнімділігін дамыту, тұздар құрамын төмендету және топырақ құнарлылығын арттыру болып саналады. Тәжірибе алаңында жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша, дәстүрлі әдіспен салыстырғанда бұл технологияның келесі артықшылықтары анықталды: суармалы суды 30 % үнемдеу, топырақтың тұздылығын төмендету, топырақтың біркелкі ылғалдылығы, тұқымның біркелкі өнуі, мақтаның өскіндерінің біркелкі шығуы, Мақтаарал - 4017 отандық мақта сортының өнімділігі гектарына 3,7 центерге артуы және өнімділікті арттыру есебінен қосымша пайда 57,4 мың теңгені құрайды. Ұсынылған технологиялар суармалы тұзданған жерлерді лазермен тегістеу арқылы су мен жер ресурстарын тиімді пайдалануға бағытталған практикалық әзірлемелерді қамтиды. Ауыл шаруашылығындағы жерді тегістеудің негізгі мақсаты - суару мен механикаландырылған агротехникалық шараларды жүргізуді қиындататын егістік беті тегістеу болып табылады. Егістіктің тегістелген беті, суармалы суды тиімді пайдалануды, оның егістікке және топырақ ылғалдылығына біркелкі таралуын қамтамасыз етеді, тұқым себу есебінен дақылдардың біркелкі өсуіне және бір тереңдікте тыңайтқыштардың біркелкі енгізілуіне ықпал етіп, өсімдіктердің біркелкі өсуі және жоғары өнім алуына ықпал жасайды.

Авторлар туралы

С. П. Махмаджанов
Мақта және бақша ауылшаруашылығы тәжірибе станциясы
Қазақстан

Түркістан облысы., Мақтарал ауданы, Атакент, Лабораторная көшесі 1а



А. М. Тағаев
Мақта және бақша ауылшаруашылығы тәжірибе станциясы
Қазақстан

Түркістан облысы., Мақтарал ауданы, Атакент, Лабораторная көшесі 1а



Әдебиет тізімі

1. Послание Президента Республики Казахстан Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана. «Конструктивный общественный диалог - основа стабильности и процветания Казахстана». - Нур-Султан, 2019. [Электронный ресурс]: .– Режим доступа: https://www.akorda.kz/ru/addresses/addresses_of_president/poslanie-glavy-gosudarstva-kasym-zhomarta-tokaeva-narodu-kazahstana)

2. Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана. «Казахстан в новой реальности: время действий», - Нур-Султан, 2020. [Электронный ресурс]: – Режим доступа: https://www.akorda.kz/ru/addresses/addresses_of_president/poslanie-glavy-gosudarstva-kasym-zhomarta-tokaeva-narodukazahstana-1-sentyabrya-2020-g

3. Имамалиев А. Методика полевых и вегетационных опытов с хлопчатником в условиях орошения. – Ташкент: СоюзНИХИ, 1981. – С. 18-27.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Махмаджанов С.П., Тағаев А.М. ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ СУАРМАЛЫ ЖЕРЛЕРІНІҢ МЕЛИОРАТИВТІК ЖАҒДАЙЫН ЖАҚСАРТУДЫҢ ҚАРҚЫНДЫ ӘДІСТЕРІ. Топырақтану және агрохимия. 2021;(3):17-23. https://doi.org/10.51886/1999-740X_2021_3_17

For citation:


Makhmadzhanov S.P., Tagaev A.M. INTENSIVE METHODS OF IMPROVING LAND RECLAMATION CONDITION OF IRRIGATED LANDS IN TURKESTAN REGION. Soil Science and Agrichemistry. 2021;(3):17-23. (In Russ.) https://doi.org/10.51886/1999-740X_2021_3_17

Қараулар: 101


ISSN 1999-740X (Print)
ISSN 2959-3433 (Online)