Preview

Топырақтану және агрохимия

Кеңейтілген іздеу

«Топырақтану және агрохимия»  журналы ғылыми қызметтің негізгі нәтижелерін жариялау үшін   Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Сапаны қамтамасыз ету комитеті (2023 жылғы 01 наурыздағы No 152 бұйрық) ұсынған жарияланымдар тізіміне енгізіледі. Журнал баспа және электрондық нұсқаларда жарияланады: ISSN 1999-740X (Print), ISSN 2959-3433 (Online).

«Топырақтану және агрохимия» журналы 2007 жылы құрылған, Қазақстандық дәйексөздер деректер базасына (KazBC) және Ресейдің ғылыми дәйексөздер деректер базасына (RSCI) енгізілген.

https://elibrary.ru ғылыми электронды кітапханасында, https://cyberleninka.ru электронды кітапханасында, https://journal.soil.kz/jour/ журнал сайтында орналастырылған.

Журнал Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінде тіркелген. 18.06.2007 ж. № 8457 ЭК тіркеу туралы және 11.02.2009 ж. № 9898-Ж қайта тіркеу туралы куәлік. Журнал жазылып алатын басылымы болып табылады. «Қазпочта» АҚ «ГАЗЕТТЕР ЖӘНЕ ЖУРНАЛДАР» каталогына енгізілген. Каталогтағы жазылу индексі-74197.

«Топырақтану және агрохимия» рецензияланатын журнал. Келіп түскен барлық мақалалар тәуелсіз сараптамадан өтеді. Журналда бұрын басқа басылымдарда жарияланбаған, түпнұсқа мақалалар ғана жарияланады. Баспа түрінде шығарылады. Журналдың шығу жиілігі тоқсанына 1 рет (айлар: наурыз, маусым, қыркүйек, желтоқсан).  

Журналда жариялау үшін қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі мақалалар қабылданады. Журналда жарияланатын материалдарда мемлекеттік, қызметтік немесе коммерциялық құпияға жататын мәліметтерді қамтитын ғылыми және техникалық ақпараттар болмауға тиіс. Журналдың бағыты: топырақтану және агрохимия.

Журналда аграрлық сектор салаларындағы топырақ жамылғысы мен фитоценоздың жағдайын жедел бағалау және топырақ құнарлылығын арттыруға және экологиялық қауіпсіз бәсекеге қабілетті өнім өндіруге, сондай-ақ агроэкожүйелердің ықтимал ластануының теріс салдарын азайтуға бағытталған шараларды әзірлеу мақсатында жетекші топырақтанушылар мектебінің, агрохимиктер және аграрлық және биологиялық ғылымдардың басқа да салалары өкілдерінің іргелі және қолданбалы зерттеулері мен ғылыми-теориялық қорытындыларының нәтижелері жарияланады.

Ағымдағы шығарылым

№ 4 (2025)
Шығарылымды жүктеу PDF (Russian)

Топырақ құнарлылығы

5-15 53
Аңдатпа

Мақалада Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы Ақдала суармалы массивінің тозған күріш-батпақты топырақтарының агрофизикалық және агрохимиялық қасиеттеріне қайың биочарының әртүрлі дозаларының әсерін зерттеу бойынша далалық зерттеулердің нәтижелері келтірілген. Қолдану дозаларына байланысты биочарды қолдану майбұршақ өнімділігін 0,16-1,48 т/га немесе 10-96%-ға, күрішті 0,17-0,97 т/га немесе 6-36% - ға, жаздық бидайды 0,05-1,8 т/га немесе 2-65% - ға арттыруға ықпал етті. Жалпы, 3 жыл ішінде биочарды қолдану 1,34-3,68 тонна қосымша күріш, бидай және майбұршақ дәндерін жиынтық түрінде алуды қамтамасыз етті. Топырақты негізгі өңдеу кезінде биочарды 15- 20 т/га дозада енгізу топырақтың көлемдік массасының жақсаруына, топырақ қабатының агрономиялық құнды және су өткізгіш агрегаттарының құрамын арттыруға ықпал етеді.

ЭКОЛОГИЯ ПОЧВЫ

16-24 43
Аңдатпа

Бұл зерттеу жұмысында ауыр металдармен ластанған топырақты өсімдік қалдықтарынан жасалған наноқұрылымды сорбенттермен тазалау мүмкіндігі қарастырылған. Зерттеу нысаны ретінде Алматы, Семей, Ақтау және Риддер қалаларынан топырақ үлгілері алынған, оларға күріш қауызы, қарағай бүршігі және күнбағыс қауызыдарынан жасалған биосорбенттермен сорбция процесі жүргізілді. Сорбенттерді 800°С температурада аргон атмосферасында көміртектендіру арқылы дайындалған үлгілерге физика-химиялық зерттеулер (сканирлеуші электронды микроскопия СЭМ, Брунауэр-Эммет-Теллер (BET), рентген-флуоресцентті талдау РФТ) жүргізілді. Нәтижелер сорбенттердің жоғары кеуектілікке және дамыған беткі қабатқа ие екенін, бұл олардың адсорбциялық қабілетін арттыратынын көрсетті. 5 күндік адсорбция тәжірибелері бойынша марганец (Mn) және рубидий (Rb) ауыр металдары барлық сорбенттермен тиімді сорбцияланды (30-70 %). Бұл ретте күнбағыс қауызы рубидийді, қарағай бүршіктері марганец пен стронцийді, ал күріш қауызы темір мен рубидийді тиімді сіңіретінін көрсетті. Алынған нәтижелер өсімдік қалдықтарынан алынған көміртекті наносорбенттердің ауыр металдармен ластанған топырақты тиімді тазартуға қабілетті екенін және оларды экологиялық тұрғыдан қауіпсіз физико-химиялық әдісі ретінде қолдануға жарамды екенін көрсетеді.

25-37 49
Аңдатпа

Қазақстан Республикасының Қостанай облысы - егістік алқаптары кең, еліміздің жетекші ауылшаруашылық аймақтарының бірі. Алайда тау-кен өнеркәсібінің (мысалы, ЖАГОК - Жезқазған тау-кен металлургия комбинаты, ТБРУ - Торғай боксит кен басқармасы, ССКӨБ - Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі АҚ) егістік жерлерге жақын орналасуы қоршаған ортаның елеулі антропогендік ластануына, әсіресе топырақта ауыр металдардың жиналуына алып келуде. Бұл зерттеуде облыстың бес өнеркәсіптік-ауылшаруашылық орталығында (Қостанай, Жетіқара, Арқалық, Лисаковск, Рудный) 2017–2024 жылдар аралығында топырақтағы ауыр металдардың (Pb, Cu, Cr, Zn, Cd) жылжымалы формаларының құрамы атомдық-абсорбциялық спектрометрия әдісімен анықталды. Алынған нәтижелер мыс, хром және әсіресе кадмий бойынша шекті рұқсат етілген концентрациялардың (ШРК) тұрақты түрде асып кеткенін көрсетті. Сондай-ақ, өнеркәсіптік шығарындылармен байланысты болуы мүмкін күрт секірулер де тіркелді. Орташа жылдық концентрацияларды талдау кадмий мен мыстың биоаккумулятивтік әлеуеті мен топырақтағы биогеохимиялық процестерді бұзу қабілетіне байланысты ауылшаруашылық жүйелеріне ең үлкен қауіп төндіретінін көрсетеді. Зерттеу нәтижелері жүйелі экологиялық мониторингтің, өнеркәсіптік қысым жағдайында ауыл шаруашылығын бейімдеп басқарудың, сондай-ақ жер ресурстарын тұрақты пайдалануды және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін экологиялық технологиялар мен рекультивациялық шараларды енгізудің маңыздылығын көрсетеді.

Агрохимия

38-50 47
Аңдатпа

Мақалада жерді қашықтықтан зондтаудың нақты егіншілік жүйесіндегі рөлі бағаланды. Тыңайтқыштарды саралап қолдану үшін өсімдіктердің азотпен және фосформен қоректенуінің өсімдік және топырақ диагностикасының маңыздылығы зерттеліп, күздік бидайдың азотпен қоректену деңгейіне тікелей тәуелді спектрлік көрсеткіштері анықталды. Қолданылатын минералды азот нормасының 60-тан 180 кг/га-ға артуы NDVI көрсеткіштерін 0,64-тен 0,72-ге дейін өсірді. 20-60 т/га көңнің кейінгі әсері бұл көрсеткіштерді неғұрлым тар шектерде – 0,62-ден 0,67-ге дейін өзгертті. Калий тыңайтқыштары NDVI көрсеткіштерін іс жүзінде өзгертпеді, олардың қолдану қарқынының жоғарылауымен төмендеу үрдісі бар. Өсімдіктердегі азот пен хлорофилл мөлшері мен астық шығымдылығы арасындағы байланыс есептелді. Оның негізінде астық шығымының әртүрлі деңгейлері үшін азотпен қамтамасыз ету көрсеткіштері және «жасылдық» көрсеткіштері алынды. Портативті фотометрлердің көмегімен NDVI индексінің көрсеткіштерін пайдалану азотпен қоректенуді диагностикалаудың дәстүрлі әдісінен кем түспейтіні және егістік танабындағы гетерогенділіктің қарқындылығы мен күздік бидайдың қажеттілігін сандық бағасын белгілеу үшін нақты егіншілік жүйесінде тиімді пайдаланылуы мүмкін екендігі анықталды.

51-63 42
Аңдатпа

Бұл жұмыста Жамбыл облысының ашық сұр топырақтарында жүргізілген зерттеулердің нәтижелері келтірілген, онда қант қызылшасына негізгі минералдық қоректену аясында биостимуляторлар мен микротыңайтқыштарды жапырақ арқылы енгізу кезінде топырақтың агрохимиялық қасиеттерінің өзгеруі қарастырылды. Өсімдіктерді жапырақ арқылы Amino Turbo, Acadian goldstar, Everbest Amino биостимуляторларымен және Boromol, Nitrogeno, Terra Organico микротыңайтқыштарымен өсудің әртүрлі фазаларында өңдеудің топырақтың агрохимиялық көрсеткіштеріне жанама әсері анықталды. Оларды қолдану суға еритін көміртек үлесін арттыруға ықпал ететіні көрсетілді. Қосымша жапырақ арқылы қоректендіру өсімдіктердің вегетация кезеңінде қоректік элементтердің максималды сіңірілуіне дейін азот пен фосфордың қолжетімді түрлерінің, сондай-ақ калийдің мөлшерін арттыруға мүмкіндік берді, бұл тамыржемістердің қосымша өнімін қамтамасыз етеді. Микроэлементтердің фазалық сезімталдығы байқалды: борды бір рет фондық енгізу жеткілікті, ал мырыш екі рет қолдануды қажет етеді. Ұсынылған схема – себу алдында NPK-фоны; 2–3 және 6–8 жапырақ фазасында Amino turbo және Boromol; қатар жапырақтану кезінде Nitrogeno және Terra organico – қоректік заттардың біркелкі түсуі мен сақталуын қамтамасыз етеді. Алынған деректер қант қызылшасын ашық сұр топырақтарда өсіру кезінде биостимуляторлар мен микротыңайтқыштарды қолданудың кешенді жапырақ қоректендіру схемасын енгізудің мақсатқа сай екенін растайды.

Обзорные статьи

64-79 46
Аңдатпа

Микробиологиялық карбонат тұндыру (МКТ) - топырақты нығайту үшін микроорганизмдердің, атап айтқанда Sporosarcina pasteurii бактериясының белсенділігіне негізделген, экологиялық таза әрі болашағы зор технология. Бұл үдеріс бактериялардың мочевина мен кальций иондары сияқты химиялық заттармен өзара әрекеттесуін қамтиды, соның нәтижесінде кальцит тұнбалары түзіліп, топырақ құрылымы нығаяды. Мұның нәтижесінде топырақтың беріктігі артып, өткізгіштігі төмендейді және эрозияға төзімділігі күшейеді. Мақалада биоцементация түрлері мен механизмдері, сондай-ақ МКТ тиімділігіне әсер ететін негізгі факторлар - микроорганизмдерді таңдау, орта жағдайлары және топырақ құрамы қарастырылады. Биоцементацияның тиімділігін арттыру әдістері сипатталып, технологияның құмды және әлсіз сазды топырақтарды жақсартудағы қолдану аясы талқыланады. Әсіресе экологиялық аспектілерге, соның ішінде көміртекті секвестрлеуге арналған МКТ қолдануына ерекше назар аударылған, бұл көміртекті топырақта ұзақ мерзімді сақтауға мүмкіндік береді және климаттың өзгеруімен күреске үлес қосады. Қорытындыда болашақ зерттеулердің бағыттары мен осы технологияны құрылыс және геотехника салаларында кеңінен қолдану мүмкіндіктері сөз болады.

80-94 54
Аңдатпа

Топырақ сапасының төмендеуі – топырақтың тозуының маңызды үрдістерінің бірі болып табылады. Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі мен топырақтың денсаулығын арттыру үшін органикалық тыңайтқыштарды егістік алқаптарға енгізу әдістерін оңтайландыру аса маңызды. Бұл мақаланың мақсаты – ірі қара малдың ферменттелген көңінің топырақ құнарлылығына, физикалық қасиеттеріне, биологиясына және әртүрлі ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігіне әсері жөніндегі зерттеу нәтижелерін жинақтау және қорытындылау болды. Бұл шолуда ірі қара малдың ферменттелген көңінің топырақ қасиеттеріне – физикалық, химиялық және биологиялық параметрлеріне әсері жан-жақты талданды. Шолу барысында органикалық тыңайтқыштар мен топырақ арасындағы күрделі өзара әрекеттестік қарастырылды, топырақ құрылымына, қоректік заттардың қолжетімділігіне, микробтық белсенділікке және жалпы топырақ денсаулығына әсер етуі ерекше атап өтілді. Сонымен қатар, шолу органикалық тыңайтқыштардың топырақтың тозуын азайтудағы, ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттырудағы және тұрақты ауыл шаруашылығы әдістерін ілгерілетудегі рөлін талқылайды. Атап айтқанда, бұл мақалада егіншілік жүйелерінде қолданылатын ферменттелген ірі қара көңі түріндегі тыңайтқыштың әсеріне қатысты нәтижелер жинақталған.

Некролог