Preview

Топырақтану және агрохимия

Кеңейтілген іздеу

Оңтүстік-шығыс Қазақстанның тау етегі жазығының аралас содалы-сортаңданған топырақтарын жақсарту үшін элементарлы күкірт пен күкірт қышқылын пайдаланудың тиімділігі

https://doi.org/10.51886/1999-740X_2024_4_38

Толық мәтін:

Аңдатпа

   Мақалада Қазақстанның оңтүстік-шығысының тауалды жазықтығындағы ашық сұр топырақты аи мақшада жүргізілген далалық зерттеулердің нәтижелері берілген. Мұнда шаруа қожалықтары аумағында микродепрессияларда дақтар түрінде таза содалы және аралас содалы сортаңданған сілтілігі жоғары (рН 9,0-10,0) ауырқұмбалшықты жартылай гидроморфты кебірлер кең таралған. Олардың күшті кебірленгендігіне және су-физикалық қасиеттерінің нашарлығына қарамастан, жыл сайын оларда агрошаралардың барлық түрлері жасалады. Алайда, белгіленген дақтардағы өнім төмен болғандықтан, оларда айарлықтаи материалдық ресурстар құнсызданады. Оларды жақсарту үшін өндіріс қалдығы болып табылатын фосфогипс әлі де пайдаланылады. Ол хлоридті-сульфатты және сульфатты-хлоридті кебірлерде ең тиімді, ал содалы топырақтарда тіпті тиімсіз. Соңғы жылдары республикада күкірттің көп мөлшерде жинақталуына байланысты ол ертеректе бізбен модельдік тәжірибе жағдайында мелиорант ретінде сыналған. Сондықтан біздің зерттеу жұмысымыздың мақсаты мелиоранттардың неғұрлым келешекті түрлерімен элементарлы күкірттің салыстырмалы мелиоративтік тиімділігін анықтау және оны нақты өндірістік жағдайларда сынау болды. Тәжірибе нәтижелері мелиоранттар арасында күкірт қышқылының басқа мелиоранттарға қарағанда өзара әрекеттесу жылдамдығы мен қарқындылығы және жоңышқаның өнімділігі (жылына 193,20 ц/га) бойынша ғана тиімді екенін көрсетті. Алайда, оны үш жылдық зерттеу кезеңінен кейін топырақ ерітіндісіндегі карбонат пен бикарбонат иондарының концентрациясы біртіндеп қалпына келді. Мелиоративтік әсердің ұзақтығы мен жоңышқаның өнімділігі бойынша элементарлы күкіртті инкубациялау ең тиімді болды. Оны қолдану зерттелген топырақтардың өте күшті сілтілі ортасын сәл сілтіліге (рН 7.8, 0-20 см қабатта) дейін төмендетуге және соданы толығымен бейтараптандыруға (СО32- 0-60 см қабатта 0,00 мг-экв) мүмкіндік берді. Сонымен қатар, күкіртті ұзақ уақыт инкубациялау және жоңышқаны өсіру нәтижесінде зерттелген топырақ 0-40 см қалыңдықта кебірленбеген және сәл кебірленгенге өзгереді, соңында күкірт қышқылы нұсқасынан кем түспейтін жоңышқаның жасыл массасы (193,20 ц/га) өнімін алуға мүмкіндік берді.

Авторлар туралы

А. Х. Наушабаев
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Қазақстан

050021; Абай даңғылы, 8; Алматы



Н. Сейткали
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Қазақстан

050021; Абай даңғылы, 8; Алматы



К. О. Караева
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Қазақстан

050021; Абай даңғылы, 8; Алматы



Е. С. Абилдаев
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Қазақстан

050021; Абай даңғылы, 8; Алматы



Г. О. Бейсенова
Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті
Қазақстан

050021; Абай даңғылы, 8; Алматы



Әдебиет тізімі

1. Wild A. Soils, land and food: managing the land during the twenty-first century. – Cambridge University Press, - 2003. – Р. 256.

2. Munns R. Strategies for crop improvement in saline soils// Salinity and water stress: improving crop efficiency. – 2009. – P. 99-110.

3. Negacz K. et al. Saline soils worldwide: Identifying the most promising areas for saline agriculture// Journal of arid environments. – 2022. – Vol. 203. – P. 104775.

4. FAO A. Global network on integrated soil management for sustainable use of salt-affected soils // FAO Land and Plant Nutrition Management Service Rome. – 2005.

5. Боровский В.М. Геохимия засоленных почв Казахстана. - М.: Наука, 1978. – 172 c.

6. Рабочая группа IUSS WRB. 2015. Мировая реферативная база почвенных ресурсов 2014, исправленная и дополненная версия 2015. Международная система почвенной классификации для диагностики почв и создания легенд почвенных карт. Доклады о мировых почвенных ресурсах № 106. ФАО, Рим. – С. 185.

7. Qadir M. et al. Amelioration and nutrient management strategies for sodic and alkali soils // CABI Reviews. – 2007. – № 2007. – С. 13.

8. Беспаева Р.С. Мелиорация лугово-сероземных почв предгорий Зайлиского Алатау. Автореф. Канд.с.-х. наук. -Ташкент. - 1988. - 21 с.

9. Thimmappa K., Singh Y. P., Raju R. Reclamation of sodic soils in India: An economic impact assessment // Bioremediation of Salt Affected Soils: An Indian Perspective. – 2017. – P. 257-274.

10. Rasouli F., Pouya A. K., Karimian N. Wheat yield and physico-chemical properties of a sodic soil from semi-arid area of Iran as affected by applied gypsum // Geoderma. – 2013. – Vol. 193. – P. 246-255.

11. Yazdanpanah N., Mahmoodabadi M. Reclamation of calcareous saline–sodic soil using different amendments: Time changes of soluble cations in leachate // Arabian Journal of Geosciences. – 2013. – Vol. 6. – P. 2519-2528.

12. Феофарова И.И. Псевдоморфозы кальцита по гипсу в почвах // Тр. Почвенного ин-та им. В.В. Докучаева, - Т. 34, - 1950. - С. 202-206.

13. Тазабеков Т.Т., Рубинштеи н М.И., Половицкий И.Я., Михайличенко В.Н., Кубенкулов К.К. Солонцы и их мелиорация. - Алма-Ата. - 1983. - С. 41-47.

14. Seitkali N. et al. Assessing the efficacy of ameliorants on saline-sodic soils: Laboratory insights for reclamation strategies // Eurasian Journal of Soil Science. – 2023. – Vol. 12, – № 4. – P. 328-334.

15. [Электронный ресурс]: Режим доступа: https://www.kazhydromet.kz/ru/, свободный.

16. Volobuev V. R. Calculation of washing saline soils // Moscow: Kolos. – 1975.

17. Сборник методических указании по лабораторным исследованиям почв и растительности Республики Казахстан (издание третье, дополненное и переработанное), - Алматы. - 1998. – С. 85-90.

18. Bazilevich N. I., Pankova E. I. Classification of soils according to their chemistry and degree of salinization. – 1969. –P. 219-226.

19. Сарыбаева Г. М., Наушабаев А. Х. Формирование содово-засоленных полугидроморфных солонцов илиийской впадины // Исследования, результаты. – 2021. – № 2 (90). – С. 192-204.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Наушабаев А.Х., Сейткали Н., Караева К.О., Абилдаев Е.С., Бейсенова Г.О. Оңтүстік-шығыс Қазақстанның тау етегі жазығының аралас содалы-сортаңданған топырақтарын жақсарту үшін элементарлы күкірт пен күкірт қышқылын пайдаланудың тиімділігі. Топырақтану және агрохимия. 2024;(4):38-53. https://doi.org/10.51886/1999-740X_2024_4_38

For citation:


Naushabaev A.Kh., Seitkali N., Karaeva K.O., Abildaev E.S., Beisenova G.O. Efficiency of using elemental sulfur and sulfuric acid for reclamation of mixed soda -saline soils of the foothill plain of southeastern Kazakhstan. Soil Science and Agrichemistry. 2024;(4):38-53. (In Russ.) https://doi.org/10.51886/1999-740X_2024_4_38

Қараулар: 129


ISSN 1999-740X (Print)
ISSN 2959-3433 (Online)