Preview

Топырақтану және агрохимия

Кеңейтілген іздеу

Көксарай су қоймасына іргелес жатқан жерлердің агрохимиялық және топырақ-мелиорациялық жағдайын гаж арқылы және далалық зерттеулер негізінде бағалау

https://doi.org/10.51886/1999-740X_2025_3_45

Толық мәтін:

Аңдатпа

Бұл мақалада Көксарай су қоймасының ауыл шаруашылығы жерлерінің жағдайына, әсіресе топырақ құнарлылығы мен экожүйелерге тигізетін кешенді әсері қарастырылған. Зерттеу жұмысының мақсаты – Көксарай су қоймасына іргелес аумақтағы топырақтың агрохимиялық көрсеткіштері мен мелиоративтік жағдайын анықтап, кейіннен жерді ұтымды пайдалану және ауыл шаруашылығына енгізу бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу. Зерттеу барысында Түркістан облысының Отырар ауданындағы Шәуілдір суармалы алқабының оңтүстік бөлігінде топыраққа кешенді агрохимиялық зерттеулер жүргізілді. Далалық және зертханалық әдістер (агрохимиялық талдау, GPS, спутниктік деректер, NDVI индексін талдау) қолданылды. Нәтижелер 0-20 см, 20-50 см және 50-100 см тереңдіктердегі топырақтың тұздану деңгейі айтарлықтай екенін көрсетті. Атап айтқанда, 0-20 см тереңдікте өте қатты тұзданған топырақтар 42,4%-ды, 20-50 см тереңдікте 70,5%-ды, ал 50-100 см тереңдікте 96,0%-ды құрайды. Бұл аумақтың басым бөлігінде шұғыл мелиорациялық шаралардың (тұзды шаю, дренаж жүйелерін салу, тұзға төзімді дақылдарды енгізу) қажет екенін көрсетеді. Мақалада топырақ құнарлылығын, соның ішінде гумус мөлшерін, азот, фосфор және калий мөлшерін талдау нәтижелері де ұсынылған. Көптеген учаскелерде гумус пен азот деңгейі төмен, ал фосфор мен калийдің жағдайы біршама қолайлы болып шықты.

Авторлар туралы

М. Н. Пошанов
Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты
Қазақстан

Пошанов Максат Нурбаевич – тұзданған топырақтарды мелиорациялау бөлімінің меңгерушісі, РһD.

050060, Алматы., әл-Фараби даңғылы, 75В



Р. Х. Рамазанова
Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты
Қазақстан

Рамазанова Раушан Хамзаевна – Басқарма Төрайымы, а.ш. ғ. к., доцент.

050060, Алматы., әл-Фараби даңғылы, 75В



С. Н. Дүйсеков
Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты
Қазақстан

Дүйсеков Сәкен Нұржанұлы - тұзданған топырақтарды мелиорациялау бөлімінің ғылыми қызметкері, магистр.

050060, Алматы., әл-Фараби даңғылы, 75В



Н. С. Әсімжанов
Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты
Қазақстан

Әсімжанов Нұрбол Сәкенұлы - тұзданған топырақтарды мелиорациялау бөлімінің аға инженер-топырақтанушысы, магистр/

050060, Алматы., әл-Фараби даңғылы, 75В



З. А. Зәріп
Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты
Қазақстан

Зәріп Зәкір Асылбекұлы - тұзданған топырақтарды мелиорациялау бөлімінің аға инженер-топырақтанушысы, магистр.

050060, Алматы., әл-Фараби даңғылы, 75В



Әдебиет тізімі

1. Стародубцев В.М. Влияние водохранилищ на почвы. – Алма-Ата: Наука, 1986. – 296 с.

2. Горбачев В. Н., Бабинцева Р. М., Карпенко Л. В., Карпенко В. Д. Негативное влияние крупных водохранилищ на окружающую среду// Ульяновский медико-биологический журнал. 2012. № 2. – С. 45–52.

3. Абдуллаев С. А., Жаббаров З. А., Турсункулова А. Б., Околелова А. А., Холдоров Ш. М. Изменение мелиоративного состояния почв, распространённых вокруг Каттакурганского водохранилища// Живые и биокосные системы. 2019. - № 28. DOI: 10.18522/2308-9709-2019-28-7.

4. Geris J., Comte J.-C., Franchi F., Petros A. K., Tirivarombo S., Selepeng A. T., Villholth K. G. Surface water-groundwater interactions and local land use control water quality impacts of extreme rainfall and flooding in a vulnerable semi-arid region of Sub-Saharan Africa// Journal of Hydrology. – 2022. – Vol. 609. – P. 127834.

5. WeiWei J., Dong N., Fersch B., Arnault J., Wagner S., Laux P., Zhang Z., Yang Q., Yang C., Shang S., Gao L., Yu Z., Kunstmann H. Role of reservoir regulation and groundwater feedback in a simulated ground-soil-vegetation continuum: A long-term regional scale analysis// Hydrological Processes. – 2021. – Vol. 35, Iss. 8. – P. e14341.

6. Лисицына, Е. М., Кориневская, С. С. Применение ГИС-технологий в почвоведении и агрохимии : учебное пособие. Москва : Юрайт, 2015. - 164 с.

7. Metternicht, G., Zinck, J. A. Remote sensing of soil salinity: potentials and limitations// Remote Sensing of Environment. – 2003. – Vol. 85, Iss. 1. – P. 1–20.

8. Allbed, A., Kumar, L., Sinha, P. Mapping soil salinity in arid and semi-arid regions using Landsat OLI imagery// Geocarto International. – 2014. – Vol. 29, Iss. 5. – P. 450–463.

9. Жылысбаева, А. Н., Есалиева, З. Р. Коксарайское водохранилище и его влияние на климат// Актуальные проблемы науки и образования: традиции, инновации, перспективы: материалы Международной научно-теоретической интернет-конференции, Саранск, 30 апр. – 31 мая 2013 г. Саранск, 2013. – С. 215–220.

10. Wang, N., Xue, J., Peng, J., Biswas, A., He, Y., Shi, Z. Integrating remote sensing and landscape characteristics to estimate soil salinity using machine learning methods: A case study from southern Xinjiang, China// Remote Sensing. – 2020. – Vol. 12. – P. 1–21.

11. Рухович, Д. И. Многолетняя динамика засоления орошаемых почв центральной части Мирзачольской степи и методы ее выявления : автореф. дис. ... канд. биол. наук. – М., 2009. – 24 с.

12. Конюшкова, М. В. Картографирование почвенного покрова и засоленности почв солонцового комплекса на основе цифрового анализа космической съемки (на примере Джаныбекского стационара) : автореф. дис. ... канд. техн. наук. – М., 2010. – 23 с.

13. Wei J., Dong N., Fersch B., Arnault J., Wagner S., Laux P., … Kunstmann H. Role of reservoir regulation and groundwater feedback in a simulated ground-soil-vegetation continuum: A long-term regional scale analysis // Hydrological Processes. – 2021. – Vol. 35, Iss. 8. – P. e14341.

14. Zhou, P., Sudduth, K. A., Veum, K. S., Li, M. Extraction of reflectance spectra features for estimation of surface, subsurface, and profile soil properties// Computers and Electronics in Agriculture. – 2022. – Vol. 196. – P. 106845.

15. Reeves D.W., McCarty G.W. Near Infrared Reflectance Spectroscopy (NIRS) for Soil Analysis: Current Status and Future Perspectives // Soil Chemical Analysis. – John Wiley & Sons, 2020. – P. 145–168.

16. Viscarra Rossel R. A., Behrens T. Soil Spectroscopy for Environmental and Agronomic Applications. CRC Press, 2021. – 448 p.

17. Moharir, K. N., Kumar, N., Kushwaha, R. S. Assessment of soil degradation using remote sensing and GIS techniques: A review// Journal of Applied and Natural Science. - 2020. - Vol. 12, Iss. 4. - P. 1184–1191.

18. Kaur R., Singh J. Remote sensing and GIS in soil health management: A review// Current Science. - 2021. - Vol. 121, Iss. 9. - P. 1162–1172.


Рецензия

Дәйектеу үшін:


Пошанов М.Н., Рамазанова Р.Х., Дүйсеков С.Н., Әсімжанов Н.С., Зәріп З.А. Көксарай су қоймасына іргелес жатқан жерлердің агрохимиялық және топырақ-мелиорациялық жағдайын гаж арқылы және далалық зерттеулер негізінде бағалау. Топырақтану және агрохимия. 2025;(3):45-58. https://doi.org/10.51886/1999-740X_2025_3_45

For citation:


Poshanov M.N., Ramazanova R.H., Duysekov S.N., Assimzhanov N.S., Zarip Z.A. Assessment of the agrochemical and soil-reclamation condition of lands adjacent to the Koksarai reservoir based on gis and field studies. Soil Science and Agrichemistry. 2025;(3):45-58. (In Kazakh) https://doi.org/10.51886/1999-740X_2025_3_45

Қараулар: 36


ISSN 1999-740X (Print)
ISSN 2959-3433 (Online)